06.02.2014, 22:19 3411

2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,4 трлн теңгені құрады - А. Мамытбеков

Ведомство басшысының ақпараты бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 142 млрд теңгені құрап, 2,5 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы экспортының 2013 жылы қаңтар-қараша айлары бойынша 2,4 млрд теңгені құрады, ол 2009-2011 жылмен салыстырғанда 27 пайызға жоғары.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. 2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы А. Мамытбеков мәлімдеді.

"2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,4 трлн теңгені құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 11,6 пайызға жоғары. Аталмыш өсім өсімдік өсіру саласының дамуына байлансты, ол 22,5 пайызға өскен болатын, мал шаруашылығының өнімі 1,1 пайызға өсті", - деді А. Мамытбеков.

Ведомство басшысының ақпараты бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 142 млрд теңгені құрап, 2,5 пайызға өсті.

Ауыл шаруашылығы экспортының 2013 жылы қаңтар-қараша айлары бойынша 2,4 млрд теңгені құрады, ол 2009-2011 жылмен салыстырғанда 27 пайызға жоғары.

Сондай-ақ, КО экспорты 2013 жылдың 11 айғы көрсеткіші 2012 жылдікімен салыстырғанда 65 пайызға өсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны