05.02.2014, 21:10 3691

2013 жылы БҚА 230 өтінішті қарады - Ғ. Оразбақов

Жалпы "Бәсекелестік туралы" заңды басқару барысында Агенттікке мемлекеттік сыңайлы сектордың субъектілерінің қызметін одан әрі жалғастыру үшін 5 мыңнан астам өтініш түсті.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. 2013 жылы Бәсекелестікті қорғау агенттігі бәсекелестікті қорғау мақсатында 230 өтінішті қарады. Бұл туралы бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сұлтановтың қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста агенттіктің төрағасы Ғалым Оразбақов мәлім етті.

"2013 жылы БҚА 230 өтінішті 158 келісім бойынша қарады. Агенттік мемлекеттің бизнеске қатысуының негізділігі мен мемкелеттік сыңайлы кәсіпкерлік қызметтердің деңгейін төмендету және бәсекелістік бар ортаны және бәсекелестіктің дамуына қолайлы жағдайы бар ортаны одан әрі дамыту мақсатында зерттеу жұмыстарын жалғастыруда", - деді Ғалым Оразбақов.

Жалпы "Бәсекелестік туралы" заңды басқару барысында Агенттікке мемлекеттік сыңайлы сектордың субъектілерінің қызметін одан әрі жалғастыру үшін 5 мыңнан астам өтініш түсті.

Осыған қарамастан, 445 кәсіпорынның өтініші қабылданбады, алайда алдын-ала мониторинг нәтижесі бойынша олардың 200 жуығы бәсекелестік ортаға әліде берілмеді.

"Мемлекеттік сыңайлы ұйымдар мен мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында ЭБЖМ арнайы комиссия жасақталды. Қазіргі таңда мемлекеттік кәсіпорындар мен басқа да қызметтерді жекешелендіру бойынша елбасының тапсырмасымен арнайы жол картасы жасақталды", - деп ол өз ойын толықтырды.

Нарықтағы мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің жұмыс істеу проблемаларын анықтау мақсатында БҚА кәсіпкерлік қызметтегі мемлекеттің негізсіз қатысуын реттеу үшін қолданыстағы заңнаманы жетілдірмекші.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны