23.01.2013, 11:13 3003

2013 жылы гербицидтерді субсидиялауға бөлінетін қаржы 19 есе өседі

Бұл туралы АШМ селекторлық мәжілісте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өмірияев мәлім етті.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылы ҚР АӨК дамыту бағдарламасы шеңберінде гербицидтерді субсидиялауға бөлінетін қаржы 19 есе өсіп, 1 млрд-тан 19 млрд теңгеге жетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы АШМ селекторлық мәжілісте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өмірияев мәлім етті.

"2013 жылғы бюджетті нақтылау барысында Қазақстан Республикасында 2013-2020 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында, гербицидтерді субсидиялау үшін бұрын бөлінген 1,0 млрд теңгенің орнына қаржыны 19,1 млрд теңгеге дейін көбейтуге бағытталған "Облыстардың бюджеттері мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мақсатты ағымдағы трансферттер" бюджеттік тапсырысын енгізу жоспарлануда. Яғни, 2013 жылдың өзінде біз гербицидтерді субсидиялауға бөлінетін қаржыны 19 есе арттырамыз", - деді М.Өмірияев.

Үстіміздегі жылы алғаш рет отандық қана емес, шетелдерде өндірілген гербицидтер де субсидияланады. Бұл жағдайда дихандарға тыңайтқыштар мен гербицидтерді отандық зауыттардан арзан бағаға сатып алуды, мұнда субсидияны зауыт алады, сондай-ақ, - субсидия соңғы тұтынушы - дихандарға төленетін шетелдік тыңайтқыштар мен гербицидтерді жаңа тетік бойынша сатып алуларды таңдау мүмкіндігі беріледі.

Сөйтіп, отандық өнімді сатып алған жағдайда субсидия нормасы оның құнының 50% дейін, шетелдікі - 30 % дейін болады.

Енгізілген өзгерістерге шеңберінде вице-министр жергілікті атқару органдарының басшыларына субсидияланатын дақылдардың, тыңыйтқыштар мен гербицидтердің басым түрлері мен оларды субсидиялаудың нормаларын бекіту жөніндегі қаулылардың жобаларын АШМ-на келісуге ұсынуды, сондай-ақ, зауыттарға минералды тыңайтқыштарды алушылардың тізімін ұсынуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны