25.12.2013, 21:13 3175

2013 жылы ҚР-да машина жасау саласы өнімінің көлемі шамамен 850 млрд теңгені құрайды

Биыл елімізде машина жасау саласы өнімінің көлемі 840-850 млрд теңгені құрайды, деп мәлімдеді "Қазақстанның машина жасаушылар кеңесі" заңды тұлғалар бірлестінің басқарма отырысында басқарма мүшесі Есіркеп Абдрахманов.

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan today. Биыл елімізде машина жасау саласы өнімінің көлемі 840-850 млрд теңгені құрайды, деп мәлімдеді "Қазақстанның машина жасаушылар кеңесі" заңды тұлғалар бірлестінің басқарма отырысында басқарма мүшесі Есіркеп Абдрахманов.

"Машина жасау - елімізде физикалық көлемнің үлкен индексімен қанат жайып келе жатқан салалардың бірі. Ресми мәліметтер бойынша, 11 ай ішінде ФКИ 115,1% құрады, ал қалған салалар бар болғаны 3 - 4% деңгейінде болды", - дейді Е.Абдрахманов.

Оның айтуынша, қаражаттың көп бөлігі машина жасау құрылғыларын жөндеу мен орнату жұмыстарына жұмсалады.

"Шамамен 300 млрд теңге машиналарды жөндеу мен орнатуға бөлінді. Шамамен 40% машина құрылысы құрылғылары ескі дүниелерді жөндеуге бөлінеді, сол себепті біз қазір жөндеу жұмыстарынан өзіміз жаңадан жасап шығаруға өтуіміз керек. Келер жылы жаңа өнімдерді шығару мен дайындауды жоспарлап отырмыз", - дейді Абдрахманов.

Басқарма мүшесінің айтуынша, келер жылы Қарағанды қаласында "Қазақмыс" корпорациясы машина жасау кәсіпкерлігін жаңғырту жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны