11.02.2014, 19:03 2977

2013 жылы Павлодар облысында "Бизнес-Кеңесші" бағдарламасы бойынша 900-ден астам кәсіпкер оқытылды

Бұдан басқа, "Іскерлік байланыс" жобасы аясында 21 кәсіпкер оқытылды. Ал, АҚШ мен Германияда 5 павлодарлық бизнесмен тәжірибеден өтті. "Топ-менеджмент" жобасы бойынша Назарбаев Университетінде 13 кәсіпкер оқытылды.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan today. Аймақта "Бизнес-Кеңесші" бағдарламасы аясында 904 кәсіпкер оқытылды.

"Кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуде қаржыландырумен қатар өзге көмектердің маңызы зор. Сонымен, аймақта "Бизнес-Кеңесші" бағдарламасы аясында 904 жұмыс істеп жатқан және әлеуеті жоғары кәсіпкерлер оқытылды", - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Сонымен қатар, "Даму" КДҚ" АҚ-ның Павлодар облыстық филиалының басты менеджері А. Алибекованың айтуынша, "Бизнес-Кеңесші 2" бағдарламасы іске қосылды. Аталмыш жоба аясында Павлодарда 30 бизнесмен, Ақсу мен Екібастұз қалаларында 43 кәсіпкер оқытылды.

Бұдан басқа, "Іскерлік байланыс" жобасы аясында 21 кәсіпкер оқытылды. Ал, АҚШ мен Германияда 5 павлодарлық бизнесмен тәжірибеден өтті. "Топ-менеджмент" жобасы бойынша Назарбаев Университетінде 13 кәсіпкер оқытылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны