13.05.2014, 21:01 3538

2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанға алкоголь өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойылады - И.Илімбетова

Қазақстанда 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап алкоголь өнімдерін елге әкелуге уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ЭБЖМ Сыртқы сауда қызметтері департаментінің директоры Илия Илімбетова мәлімдеді.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстанда 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап алкоголь өнімдерін елге әкелуге уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ЭБЖМ Сыртқы сауда қызметтері департаментінің директоры Илия Илімбетова мәлімдеді.

"Бүгінде бізде Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің тарапынан енгізілген бірқатар тыйымдар бар. Қазіргі таңда ет өнімдеріне қатысты тыйым салынды. Бұл бірінші кезекте Австралиядан әкелінетін сиыр етіне қатысты. Өйткені ол біздің санитарлық-эпидемиялық талаптарға сай келмеді және оның құрамында адам денсаулығына қауіпті препараттар көп. Атап айтар болсақ, ол Тренболон ацетат. Бұл өсім гармоны, тек осы үшін ғана аталмыш ет өнімдерін елге әкелуге тыйым салынып отыр", - дейді И. Илімбетова.

Оның айтуынша, 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі ресми түрде Қазақстан Республикасы аумағына алкоголь өнімдерін тасымалдау мен іске асыруды уақытша шектеу енгізіледі.

"Бұл біздегі жұмыс істеп тұрған 22 техникалық реттеуге байланысты. Олар бір жылдай жұмыс істеп тұр. Осы уақыт аралығында өтпелі кезең болып, аталмыш техникалық реттеуге сай келмейтін өнімдер айналымнан шығарылатын болады және тасымалдауға тыйым салынады. Бұл барлық алкоголь өнімдеріне байланысты", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шектеу 2014 жылдың 11 мамырындағы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысымен енгізілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны