18.12.2014, 18:25 3750

2014 жылдыӊ 9-16 желтоқсаны аралығында негізгі азық-түлік бағалары қалай өзгерді?

Қарастырылып отырған кезеӊ ішінде еліміздіӊ ешбір өӊірінде ет пен сүт және бакалея өнімдерініӊ бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ.

Астана. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2014 жылдыӊ 9-16 желтоқсаны аралығында бөлшек сауда бағаларыныӊ төмендегідей өзгерісін анықтады:

Қарастырылып отырған кезеӊ ішінде еліміздіӊ ешбір өӊірінде ет пен сүт және бакалея өнімдерініӊ бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қызанақ Ақтауда 16%-ға 335-тен 388 теӊге/кг-ға дейін, Павлодарда 10%-ға 282-ден 310 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Қызанақ бағаларыныӊ өсімі сатушылардыӊ көтерме бағаларды қымбаттатуы мен нарықта қымбат импортты өнім үлесініӊ артуымен байланысты.

Көтерме бағалардыӊ артуы мен жеткізілім мөлшерініӊ азаюы Оралда қияр бағасыныӊ 21%-ға 280-нен 340 теӊге/кг-ға дейін, Астанада 13%-ға 468-ден 527 теӊге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 13%-ға 318-ден 358 теӊге/кг-ға дейін қымбаттауына әкелді.

Жеткізілім мөлшерініӊ азаюы мен көтерме бағаныӊ 30%-ға 73-тен 95 теӊге/кг-ға дейін қымбаттауы салдарынан бір апта ішінде Көкшетауда қырыққабат бағасы 29%-ға 85-тен 110 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады.

Мереке алдында халық сұранысыныӊ артуы себебінен Астанада лимон бағасы 23%-ға 490-нан 604 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Сонымен бірге осы уақыт аралығында өнімніӊ көтерме бағасы 9%-ға 460-тан 420 теӊге/кг-ға дейін төмендеді.

Нарыққа жеткізілетін өнім мөлшерініӊ біршама азаюы салдарынан Астанада бананныӊ орташа бөлшек сауда бағалары бір апта ішінде 15%-ға 261-ден 299 теӊге/кг-ға дейін, көтерме бағалары 69%-ға 166-дан 281 теӊге/кг-ға дейін артты.

Қарастырылып отырған уақыт аралығында баялды Қарағандыда 15%-ға 330-дан 379 теӊге/кг-ға дейін, Алматыда 10%-ға 397-ден 437 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Астанада керісінше нарықта Қытайдан әкелінетін арзан өнім үлесініӊ артуы себебінен баялды бағасы 37%-ға 750-ден 475 теӊге/кг-ға дейін арзандады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны