13.01.2014, 19:32 7616

2014 жылдың қаңтарынан бастап қазақстандық жеткізушілер Ресей мен Беларуссиядағы мемлекеттік сатып алуларға қатыса алады - Т. Жақсылықов

БЭК бойынша әріптес елдердің мемлекеттік сатып алулар нарығының көлемі 2012 жылы шамамен 198 млрд. АҚШ долларын құрады.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстандық өнім берушілер 2014 жылдың қаңтарынан бастап Ресей және Беларуссияның мемлекеттік және муниципалдық сатып алуларына қатыса алады. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов хабарлады.

"2014 жылғы 1 қаңтардан бастап, БЭК мемлекеті мемлекеттік сатып алуларға ұлттық режим ұсынады. Бұл қазақстандық өнім берушілерге Ресей және Беларусияның мемлекеттік және муниципалдық сатып алуларына ресей және беларусия өнім берушілерімен бірдей қатысуларына мүмкіндік береді", - деді Т. Жақсылықов.

"Бұл келісімге 2011-жылы қол қойылған болатын. Ресей мен Беларусь 2012-жылдың 1-қаңтарынан бастап бір- біріне 2 жылдық дискриминациясыз қолжетімділік берген. Біз бұған жақсырақ дайындалу үшін өзімізге ауыспалы кезең, яғни сәл көбірек уақыт алдық, енді 2014-жылдың 1-қаңтарынан бастап мемлкеттік сатып алуларға қолжетімділік бердік және алдық", - деді вице-министр.

Айта кету керек, БЭК бойынша әріптес елдердің мемлекеттік сатып алулар нарығының көлемі 2012 жылы шамамен 198 млрд. АҚШ долларын құрады.

Салыстырмалы түрде Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар нарығы 2012 жылы шамамен 7,6 млрд. АҚШ долларын құрады.

Осылайша, әріптес елдер нарығы отандық тауар өндірушілердің және жалпы, бизнестің дамуы үшін белгілі әлеует бере отырып, отандық нарықтан 26 есе көп.

"Евразиялық интеграциядағы Қазақстанның негізгі мақсаты нарықты ұлғайту, экономика секторының инвестицияларын тарту. Кедендік одақ 1,6 трлн долларды құрайтын нарық ауқымын үлкейтуге мүмкіндік берді", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны