21.01.2014, 20:13 3804

2014 жылдың наурыз айында қазақстандық патент негізінде таза кремний шығаратын кәсіпкерлік ашылады - Н.Бектұрғанов

"Аталмыш технология қазірде дайындалуда. Шамамен 2 айдан кейін біз кәсіпкерлікті 3 мың тонна өндіру қуаттылығына жеткіземіз. Онда біз тек өз технологиямызды сатып қана қоймай, сонымен қатар технологияға лицензияны да сататын боламыз", - дейді вице-президент.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылдың наурыз айында қазақстандық патент негізінде таза кремний шығаратын кәсіпкерлік ашылады, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар брифингінде "Парасат" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ-ның ғылыми кеңесшісі, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясың вице-президенті Н.Бектұрғанов.

"Кремнийдің бәрімізге белгілі технологиясы бірнеше зауыт салдырды, алайда олар тозғандықтан қазіргі таңда заманауи бәсекеге қабілетсіз. Бүгінде "Парасат" холдингі арабтармен және жеке кәсіпкерліктермен бірігіп Қарағандының жанында өзіміздің патентпен шағын өндіріс ашуда. Яғни біз Шұбаркөл көмірін қайта қалыпқа келтіріп, өндірісті дамытуды көздеп отырмыз", - дейді Н.Бектұрғанов.

Оның айтуынша, аталмыш көмірдің жылуы тегін таза кремний алуға жеткілікті көрінеді.

"Аталмыш технология қазірде дайындалуда. Шамамен 2 айдан кейін біз кәсіпкерлікті 3 мың тонна өндіру қуаттылығына жеткіземіз. Онда біз тек өз технологиямызды сатып қана қоймай, сонымен қатар технологияға лицензияны да сататын боламыз", - дейді вице-президент.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны