31.12.2013, 13:04 6404

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға арттырылады

Зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс, делінген қаулы мәтінінде.

Алматы. 31 желтоқсан. Kazakhstan today. ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №1403 қаулысымен 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы мөлшері көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan today.

Қаулы мәтінінде былай делінген:

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: "2014 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатын, зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны