31.01.2014, 18:16 7877

2014 жылы Ақмола облысы Ақкөл ауданында 140 мың гектарға тұқым себіледі

"Ақкөл ауданы шаруашылығында себу техникалары мұқият тексеруден өткізілді. 17 серіктестік пен 87 шаруа қожалығы тұқым себу жұмысына қатысады. Алдағы көктемде өңірде 140 мың гектарға астық тұқымын себу көзделіп отыр", - делінген хабарламада.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы Ақмола облысы Ақкөл ауданында 140 мың гектарға астық тұқымы себіледі, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Ақкөл ауданы шаруашылығында себу техникалары мұқият тексеруден өткізілді. 17 серіктестік пен 87 шаруа қожалығы тұқым себу жұмысына қатысады. Алдағы көктемде өңірде 140 мың гектарға астық тұқымын себу көзделіп отыр", - делінген хабарламада.

Соның ішінде дәнді және дәнді-бұршақ дақылдары 119 мың гектарға себілсе, егістіктің 12 мың гектарына жемшөп дақылы егіліп, 2 мың гектар жер картоп пен өзге де көкеніс түрлеріне арналмақ. Бұдан бөлек 670 млн теңгеге 12 шаруашылық техника жаңартылып, жергілікті ірі компания "Новорыбинский и К" ЖШС-нен 370 млн теңгеге ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды.

Айта кету керек, қазіргі таңда Ақкөл ауданы өңірлер ішінде себу және ору жұмыстарына "Продкорпорация" ҰК" АҚ тарапынан ауыл шаруашылығы өндірісшілеріне жүз пайыздық несиелік өсіммен келе жатқан жер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны