10.01.2014, 18:55 2977

2014 жылы Алматы облысының республикалық маңызы бар жолдарына 1,5 млрд теңге бөлінді

2014 жылы Алматы облысының Республикалық маңызы бар жолдарына 1,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы Алматы облысының Республикалық маңызы бар жолдарына 1,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Алматы-Өскемен" бағытының автожолдарды қалпына келтіру жобасын іске асыруға аталмыш бағдардың 245 шақырымы кіреді. Ол өз кезегінде тоғыз учаскіге бөлінген. Қазіргі таңда жеті учаскіге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қалған екі учаскінің жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. 2014 жылы Алматы облысының Республикалық маңызы бар жолдарына 1,5 млрд теңге бөлінді", - делінген хабарламада.

Жалпы, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық бөлімшесінде 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша 2529 км республикалық маңызы бар автожол бар.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстың тиісті басқармаларымен "Облыстық мекемелердің, аудандық, қалалық әкімдіктердің, Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 2013-2014 жылдардың қысқы кезеңінде автожолдардың қызмет көрсетуі туралы өзара біріккен жоспары" дайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны