06.02.2014, 22:31 3325

2014 жылы ИЖТМ Индустрияландыру картасының бесжылдығының аяқталуына қарсы 150 жобаны енгізеді - И.Исекешев

"Индустрияландыру картасы бойынша 4 жыл ішінде жалпы құны 2,4 трлн теңге болатын 651 жоба енгізілді. 2013 жылы жоспар бойынша 11 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берген 400 млрд теңгенің 137 жобасы енгізілді. 2013 жылы барлық жоба бойынша 1,5 трлн теңге жеке инвестиция игерілді", - деді И.Исекешев.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. Биыл Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бірінші бесжылдықтың Индустрияландыру картасының аяқталуымен 150 жоба енгізеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Исет Исекешев мәлімдеді.

"Индустрияландыру картасы бойынша 4 жыл ішінде жалпы құны 2,4 трлн теңге болатын 651 жоба енгізілді. 2013 жылы жоспар бойынша 11 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берген 400 млрд теңгенің 137 жобасы енгізілді. 2013 жылы барлық жоба бойынша 1,5 трлн теңге жеке инвестиция игерілді", - деді И.Исекешев.

Жалпы, 4 жыл ішінде карта жобалары тарапынан 2,7 трлн теңгенің өнімі өндірілді.Соның ішінде 2013 жылы 1,2 трлн теңге өнімі шығарылған.

"Өңдеуші өнеркәсіптің үлесі жаңа тауарлар бойынша 10% асса, ЖІӨ өсіміндегі жобалардың енгізілуі 6 пайыздан 0,9 құрады. Карта жобасы өнімдерінің экспорты 100 млрд теңгені құрады. 2014 жылға біз бірінші бесжылдықтың Индустрияландыру картасының аяқталуымен 150 жоба енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді министр.

Сонымен қатар, шығарылатын өнім түрлері де кеңейтілді. Сөйтіп бұрын елімізде қолға алынбақ өндірістер жұмыс істей бастады. 2013 жылы жанармай бөлу бағаналары, құбыр арматуралары, изоляциялық плиталар, жарықдиодты лампалар, көзілдірік линзалары шығарыла бастады.Фармацевтикалық зауыттар медициналық өнімдер, дәрі-дәрмек пен өзге де тауар түрлерін қолға алды.

"Проблемалы жобалардың саны бір жыл бұрын 35 болса, олардыың өазірде 25-і қайта оңалып кетті. Қалған 10 проблемалы жоба бойынша өңірлерде нақты жоспарлар құрылып, биыл осы жұмыстарлды аяқтау көзделген", - дейді ведомство басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны