14.01.2014, 19:42 5175

2014 жылы Қазақстанда 6,9 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілетін болады - Б.Жәмішев

"Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы бойынша құрылыс көлемін жыл сайын арттырып, 2020 жылға қарай оны 10 млн. шаршы метрге дейін жеткізу қарастырылып отырғаны белгілі.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Ағымдағы жылы Қазақстанда 6,9 млн. шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделіп отыр, деп хабарлады Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ҚР Үкіметінің отырысында.

"Ағымдағы жылы барлық қаржыландыру көздері бойынша 6,9 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысы қарастырылған",-деді Б.Жәмішев.

Министрдің айтуынша, жалға және несиеге берілетін тұрғын үйлерді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды және "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" АҚ желісімен тұрғызылатын үйлер құрылысын Республикалық бюджеттік комиссия "Қолжетімді тұрғын үй -2020" бағдарламасы бойынша қарастырылған 206,2 млрд. теңгенің 129,9 млрд. теңгесін қаржыландыруды қолдады.

"Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы бойынша құрылыс көлемін жыл сайын арттырып, 2020 жылға қарай оны 10 млн. шаршы метрге дейін жеткізу қарастырылып отырғаны белгілі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны