05.01.2015, 14:59 4882

2014 жылы Қазақстанда инфляция 7,4 пайызды құрады

Өткен 2014 жылы елімізде инфляция 7,4 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Өткен 2014 жылы елімізде инфляция 7,4 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, азық-түлік тауарлары бағасы 8%, азық-түлік емес тауарларға - 7,8%, ақылы қызметтерге - 6,4%-ға өсті, Ағымдағы жылғы желтоқсанда инфляция 0,5% деӊгейде қалыптасты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Өткен айда республика бойынша орташа баға өсімі жаӊа жиналған көкөністерге 11,9%, қарақұмық жармаға - 10,5%, картопқа - 6,6%, жұмыртқаға - 2,9%, жүзімге - 2,7%, шикі сүтке - 2,6%, ұнтақ жармаға, мәйекті ірімшікке - 1,9%-дан, шошқа етіне - 1,6%, алмұртқа - 1,5%, сөкке - 1,4%, бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нанға - 1,3%, балық және теӊіз өнімдеріне - 1,1%, арпа жармаға, шұжық, ет өнімдеріне, сүзбеге, күнбағыс майына - 0,9%-дан, қышқыл сүт өнімдеріне - 0,7%, сары майға - 0,6%, кеспеге, пастерленген сүтке - 0,5%-дан белгіленді. Бағаныӊ төмендеуі лимонға 8,6%, тауықтыӊ сирағына - 1,8%, тауыққа - 1,1%, қантқа - 0,6%-ға, қой етіне, бананға 0,5%-дан тіркелді.

Баға өсімі қатты отынға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, фармацевтикалық өнімдерге, жеке пайдалануға арналған тауарларға 1,2%-дан, газеттер және мерзімдік басылымдарға - 1,1%, киім және аяқ киімдерге - 1%, тұрмыстық аспаптарға - 0,5% құрады. Бағалар АИ-92 маркалы бензинге 10,2%, дизель отынына 4,7%-ға төмендеді.

Шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтерініӊ бағалары 1,5%, ішкі қалалық қатынастардағы автобуспен жол жүру ақысы - 1%, мейрамханалар мен қонақ үйлерге - 0,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтерге - 0,5%-ға өсті.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,3%, ал оны жалға беру - 0,7%-ға жоғарылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны