13.12.2013, 20:49 2610

2014 жылы Қазақстанда республикалық маңызы бар 2,3 мың км жол жөнделеді

Көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында 1136 км жол толық және орта жөндеу жұмыстарымен қамтылады, ал қайта құрылыспен 740 км республикалық маңызы бар автожолдар қамтылады.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan today. Келесі жылы Қазақстанда республикалық маңызы бар 2,3 мың км жол жөнделеді, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ККМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында 1136 км жол толық және орта жөндеу жұмыстарымен қамтылады, ал қайта құрылыспен 740 км республикалық маңызы бар автожолдар қамтылады.

Атап айтқанда, орталықты аймақтармен байланыстыратын трассаның қайта құрылысы жалғасады.

"Орталық-Оңтүстік" бағыты бойынша "Астана-Теміртау" және "Алматы-Қапшағай" учаскелері толығымен құрылыс жұмыстарымен қамтылады. Сонымен бірге "Бұрылбайтал-Құрты-Қапшағай" (228 км) учаскесінің қайта құрылысы басталып, құрылысын 2015 жылы бастау жоспарланып отырған "Қарағанды-Балқаш-Бұрылбайтал" (686 км) учаскесіне жобалық сметалық құжаттамалар дайындалады.

"Орталық-Шығыс" бағыты бойынша 2014 жылы Астанадан Павлодарға дейінгі учаскені толығымен құрылыс жұмыстарымен қамту және "Семей-Қалбатау" аралығында қайта құру жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда. Бұнда да "Қалбатау-Өскемен" және "Павлодар-Семей" қалған учаскелер үшін жобалық сметалық құжаттамалар әзірленеді.

"Орталық-Батыс" бағыты бойынша 2014 жылы "Бейнеу-Шетпе" учаскесінің 238 км жолы пайдалануға беріледі және "Шетпе-Ақтау" учаскесін қайта құру басталады деп күтілуде.

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық дәлізін алсақ, бұнда автомагистральді қайта құру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2014 жылдың аяғына қарай Автомобиль жолдары комитеті 179 км жол бойы қозғалысын ашуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар келесі жылы "Орал-Ақтөбе", "Астана-Қостанай-Челябинск" автожолдарының учаскелерінде қайта құру жұмыстарын аяқтау және "Көкшетау-Петропавл", "Қапшағай-Талдықорған", "Омбы-Павлодар", "Таскескен-Бақты" жолдарында құрылыс жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр. Осы жолдар бойынша жұмыстарды аяқтау 2017 жылы көзделіп отыр.

Одан басқа "Экспо-2017" өткізу шеңберінде келесі жылы "Оңтүстік-Батыс айналып өту" жолының (31 км) құрылысы бойынша жұмыстарды бастау және "Щучинск-Зеренді" (80 км) автожолын қайта жөндеу жұмысы жоспарланған. Осы жұмыстар 2016 жылы аяқталады деп көзделуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны