31.01.2014, 18:28 6502

2014 жылы Қостанай облысында 24 сумен қамту нысаны жөндеуден өткізіледі

"2013 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен ауылдық жерлердегі 14 сумен қамту нысаны құрылысына 4 млрд теңге бөлінді. Енді 2014 жылғы жоспар бойынша 24 нысан 8,2 млрд теңге жөнделмек", - дейді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының жетекшісі Иубәкір Тайкешов.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы Қостанай облысында 24 сумен қамту нысаны жөндеуден өткізіледі

"2013 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен ауылдық жерлердегі 14 сумен қамту нысаны құрылысына 4 млрд теңге бөлінді. Енді 2014 жылғы жоспар бойынша 24 нысан 8,2 млрд теңге жөнделмек", - дейді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының жетекшісі Иубәкір Тайкешов.

Оның айтуынша, елді-мекендерді сумен қамту және су жіберу желілерін пайдалану бойынша Бірыңғай оператор ұйымы туралы мәселе қарастырылып жатыр. Оны акционерлік қоғам түрінде құрмақ: 49% үлес облыс әкімдігіне тиесілі болса, 51% - Өңірлік даму министрлігі меншігі болмақ.

Осыған орай оператор жұмысын барынша тиімді басқаруға негізделіп, жоспарлаудың бірыңғай әдісімен жұмыс істейтіндей ету көзделіп отыр. Сонымен қатар, сапалы жобалау мен нысандар құрылысы да назардан тыс қалмақ емес.

И.Тайкешовтың айтуынша, жыл сайын "Ақ бұлақ" мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру Қостанай облысы бойынша тек өсіп отыратын болады және соған сай сумен қамту нысандарының сапасы артып, саны көбеймек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны