04.12.2013, 18:52 5826

2014 жылы ШҚО-да "шағын-ЭКСПО" өткізіледі

Аймақта "шағын-ЭКСПО" көрмесін өткізуге дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Оны өткізу мерзімдері анықталды. Көрме 2014 жылғы 24-25 мамырда Өскеменде өтеді.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Келесі жылы Шығыс Қазақстан облысында "шағын-ЭКСПО-2014" өткізіледі. Аймақта жұмыс комиссиясы құрылып, шараға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады BNews.kz.

"Аймақта "шағын-ЭКСПО" көрмесін өткізуге дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Оны өткізу мерзімдері анықталды. Көрме 2014 жылғы 24-25 мамырда Өскеменде өтеді. Көрменің үйлестірушісі - облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы. Сәйкес комиссия құрылды. Ол әзірленген тұжырымдаманың орындалу барысын тексеретін болатын. Көрмені өткізу 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмыс басымдықтарының бірі болады",- деді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны