02.07.2014, 20:28 3252

2015 жылдан бастап 1600 жергілікті аймақ газбен қамтылады - Елбасы

Келер жылдан бастап 1600 жергілікті орын газбен қамтылады, деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру отырысында мәлімдеді.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Келер жылдан бастап 1600 жергілікті орын газбен қамтылады, деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру отырысында мәлімдеді.

"2018 жылға дейін мұнай газ секторын дамытуға арналған кешенді шаралар жоспары анықталды. Қорытындысында мұнай өндіруді 17,5 млн тоннаға жеткізу, бұл 5 млн тоннаға өсіру болып есептеледі, транспорттауды 98 млн-ға, газды 35 млрд текше метрге жеткізу көзделген. Бұл экономика үшін маңызды көрсеткіштер", - деді Елбасы.

Оның айтуынша, жақында Қазақстан 1600 өңірлік аймақты газбен қамтымақ.

"Жақын арада мен 2030 жылға дейінгі газбен қамту жоспарын күтемін. Келесі жылдан бастап біз 1600 жергілікті өңірді газбен қамтуды жоспарлап отырмыз. 12 млн адамды қамту көзделген. Бұл міндетті істеріміздің бірі", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны