20.02.2014, 19:01 3442

2015 жылдан бастап Астана республикалық бюджеттің донорына айналады - И.Тасмағамбетов

"2015 жылдан бастап 7,5 млрд теңге көлемінде республикалық бюджетке қаржылай қаражатты алулар басталады, ал 2016 жылы бұл сома 17,3 млрд теңгені құрайды. Яғни, Астана республикалық бюджеттің төрт донор өңірінің қатарына енеді", - деді И. Тасмағамбетов.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan today. 2015 жылға қарай Астана ҚР республикалық бюджеттің донор өңірлерінің қатарына енеді, деп хабарлады бүгін Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов халықпен есептік кездесуде.

"2015 жылдан бастап 7,5 млрд теңге көлемінде республикалық бюджетке қаржылай қаражатты алулар басталады, ал 2016 жылы бұл сома 17,3 млрд теңгені құрайды. Яғни, Астана республикалық бюджеттің төрт донор өңірінің қатарына енеді", - деді И. Тасмағамбетов.

Елорда бюджетіне салымдардың жалпы құрылымда жеке кірістердің айтарлықтай өсімі байқалған деп атап өтті әкім. Егер 2008 жылы салымдардағы жеке кірістер үлесі 25% құраса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 45% дейін өсті, сонымен бірге трансферттер мен несиелер үлесі азайды.

Сондай-ақ, әкімнің мәліметінше, Астананың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2013 жылы 2,7 трлн теңгені құрады, қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары өнім шығарып, 263 млрд теңгеден астам сомаға қызмет көрсетті, экономиканың нақты секторында шамамен 18 мың жаңа жұмыс орны құрылды, жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ды құрады.

Бұдан өзге, әкім атап өткендей Астанада шағын және орта бизнес белсенді дамып жатыр.

"2017 жылға қарай шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 60 мың бірлікке дейін арттыруға барлық мүмкіндік бар. Қазір алдымызға басқа міндет қойылған, 2020 жылға қарай ЖӨӨ құрылымында қызметтер сферасының үлесін 80%-ға дейін арттыру қажет", - деп толықтырды Астана әкімі.

Икімдіктің мәліметінше, Астанада кәсіпкерліктің 55 мың белсенді субъектісі бар, онда 190 мың адам немесе қаланың еңбекке қабілетті халқының 2/5 жұмыспен қамтылған. ШОБ субъектілерінің үлесіне қала бюджетіне салық түсімдерінің 67% келеді, олардың шығарған өнім көлемі өткен жылдың қортындысы бойынша 1,2 трлн теңгені құрады.

И.Тасмағамбетов елорда биліктері ШОБ-ке қолдау көрсететінін басып айтты. Осылайша, әкімдік қандай да бір бизнес түріне арналған ғимаратты жобалау және қайта жабдықтауға рұқсат беру уақытын екі аптаға дейін ықшамдады, бизнес жобаларды жүзеге асыруға жер телімдерін бөлуге байланысты рұқсаттар кешенін қысқартты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны