01.09.2015, 12:47 3827

2015 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап қазақстандықтар сапалы дәрілік заттарды төмен бағамен сатып ала алады

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Еуразия Экономикалық Одақ елдері үшін (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения) дәрілік заттардыӊ ортақ нарығы өз жұмысын бастайды. ЕАЭО елдері аумағында тек GMP стандарттарына (дәрілік заттардыӊ сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын "алтын стандарт") сай келетін медициналық препараттар таратылады. Бұл қазақстандықтар үшін ЕАЭО елдері өндірушілері арасындағы бәсекелестіктіӊ есебінен тиімді дәрілік заттарды төмен бағамен алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Еуразия Экономикалық Одақ елдері үшін (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения) дәрілік заттардыӊ ортақ нарығы өз жұмысын бастайды. ЕАЭО елдері аумағында тек GMP стандарттарына (дәрілік заттардыӊ сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын "алтын стандарт") сай келетін медициналық препараттар таратылады. Бұл қазақстандықтар үшін ЕАЭО елдері өндірушілері арасындағы бәсекелестіктіӊ есебінен тиімді дәрілік заттарды төмен бағамен алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер Еуразия Экономикалық Одақ аумағында Еуропалық Одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыӊғай ережелердіӊ тіркеу тәртіптерінен өткеннен кейін еркін айналымда болады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медициналық қолданылуларды таӊбалау, айналымды қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ұлттық талаптар сақталатын болады.

Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ және медициналық техниканыӊ қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етудіӊ негізгі міндеттері ҚР ДСИДМ Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы ұлттық сараптау орталығына жүктелген (әрі қарай ДЗҰСО).

Биыл ДЗҰСО сынақ орталығы Еуропа кеӊесініӊ дәрілік заттардыӊ сапасын бақылау Еуропалық директоратында EDQM) аккредитациядан өтеді. Оған мүше болу ДЗҰСО-да жасалатын сынақтардыӊ нәтижесініӊ халықаралық деӊгейде мойындалуын және дәрілік заттарды сынақтан өткізу мәселелері бойынша Еуропа елдерімен тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді.

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ және медициналық техниканыӊ айналымын өзара инспекциялауды мойындау мақсатында ЕАЭО-ныӊ барлық елдері PIC/S құрамына кіруі керек. PIC/S - фармацевтикалық инспекция бойынша конвенция мен фармацевтикалық инспекциялар ынтымақтастық жүйесі - GMP саласындағы өзара белсенді және құрылымдық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін елдердіӊ фармацевтикалық секторларын реттеуші органдар арасындағы екі халықаралық келісім болып табылады. Қазақстан мен Белорусь PIC/S құрамына ену үшін өтініш білдірді.

Естеріӊізге сала кетейік, 2014 жылдыӊ 29 мамырында ортақ қызметтер, тауарлар нарығы, капитал мен одаққа мүше мемлекеттердіӊ жұмыс күшін жасақтау қарастырылған Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы Келісімге қол қойылды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ бірыӊғай қағидалары мен тәртіптері туралы келісімге 2014 жылдыӊ 23 қаӊтарында қол қойылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны