03.07.2015, 18:35 4263

2015 жылдыӊ 23-30 маусымы аралығында негізгі азық-түлік бағалары қалай өзгерді?

Талдықорғанда қызанақ 20%-ға 250-ден 200 теӊге/кг-ға дейін, Атырауда 21%-ға 284-тен 225 теӊге/кг-ға дейін, Қызылордада 13%-ға 150-ден 130 теӊге/кг-ға дейін, Ақтауда 12%-ға 285-тен 250 теӊге/кг-ға дейін, Алматыда 12%-ға 183-тен 161 теӊге/кг-ға дейін, Оралда 19%-ға 220-дан 178 теӊге/кг-ға дейін және Таразда 10%-ға 111-ден 100 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Баға көрсеткіштерініӊ арзандауына сатылымда арзан жылыжай өнімі мөлшерініӊ артуы мен нарықтыӊ өніммен қанығуы әсер етті.

Астана. 03 Шілде. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдыӊ 23-30 маусымы аралығында бөлшек сауда бағаларыныӊ төмендегідей өзгерісін анықтады:

1 санатты жұмыртқа Ақтауда 12%-ға он данасына 170-тен 150 теӊгеге дейін арзандады. Баға төмендеуі көтерме сауда бағаларыныӊ он данасына 140-тан 110 теӊгеге дейін арзандауымен байланысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Талдықорғанда қызанақ 20%-ға 250-ден 200 теӊге/кг-ға дейін, Атырауда 21%-ға 284-тен 225 теӊге/кг-ға дейін, Қызылордада 13%-ға 150-ден 130 теӊге/кг-ға дейін, Ақтауда 12%-ға 285-тен 250 теӊге/кг-ға дейін, Алматыда 12%-ға 183-тен 161 теӊге/кг-ға дейін, Оралда 19%-ға 220-дан 178 теӊге/кг-ға дейін және Таразда 10%-ға 111-ден 100 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Баға көрсеткіштерініӊ арзандауына сатылымда арзан жылыжай өнімі мөлшерініӊ артуы мен нарықтыӊ өніммен қанығуы әсер етті.

Қияр Астанада 13%-ға 211-ден 183 теӊге/кг-ға дейін, Атырауда 33%-ға 173-тен 116 теӊге/кг-ға дейін, Өскеменде 25%-ға 224-тен 168 теӊге/кг-ға дейін, Қарағандыда 18%-ға 176-дан 145 теӊге/кг-ға дейін, Қостанайда 14%-ға 175-тен 150 теӊге/кг-ға дейін, Қызылордада 10%-ға 100-ден 90 теӊге/кг-ға дейін, Ақтауда 17%-ға 300-ден 250 теӊге/кг-ға дейін, Алматыда 11%-ға 122-ден 108 теӊге/кг-ға дейін, Оралда 13%-ға 90-нан 78 теӊге/кг-ға дейін және Таразда 33%-ға 100-ден 67 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Баға көрсеткіштерініӊ арзандауына сатылымда еліміздіӊ оӊтүстік облыстарынан әкелінетін арзан ашық топырақ жағдайында өсірілген өнім мөлшерініӊ артуы (жаппай пісуі) мен нарықтыӊ өніммен қанығуы әсер етті.

Өскеменде сатылымда биылғы жылы өсіп шыққан қымбат пияздыӊ сатылуы себебіне байланысты өнім бағасы 16%-ға 100-ден 116 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады.

Шымкентте өнім мөлшерініӊ артуы және жергілікті өндірушілер мен көтерме саудагерлердіӊ баға көрсеткіштерін төмендетуі әсерінен пияз 20%-ға 100-ден 80 теӊге/кг-ға дейін арзандады.

Өнім мөлшерініӊ артуы және көтерме саудагерлердіӊ бағаны төмендетуі әсерінен картоп Алматыда 15%-ға 104-тен 88 теӊге/кг-ға дейін және Таразда 13%-ға 80-нен 70 теӊге/кг-ға дейін арзандады.

Көкшетауда қырыққабат 11%-ға 90-нан 80 теӊге/кг-ға дейін және Қостанайда 12%-ға 85-тен 75 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Өнімніӊ арзандауына нарықтыӊ еліміздіӊ оӊтүстігінен әкелінген ерте пісетін отандық өндірушілердіӊ өнімімен қанығуы себеп болды.

Қостанайда сәбіз 10%-ға 105-тен 115 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Бағаныӊ қымбаттауына өнім мөлшерініӊ азаюы және сатушылардыӊ көтерме сауда бағаларын 88-ден 93 теӊге/кг-ға дейін ұлғайтуы себеп болды.

Астанада тәтті бұрыш 12%-ға 520-дан 456 теӊге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 10%-ға 325-тен 291 теӊге/кг-ға дейін, Талдықорғанда 10%-ға 500-ден 450 теӊге/кг-ға дейін, Көкшетауда 30%-ға 500-ден 350 теӊге/кг-ға дейін, Атырауда 21%-ға 525-тен 417 теӊге/кг-ға дейін, Өскеменде 18%-ға 531-ден 433 теӊге/кг-ға дейін және Қарағандыда 38%-ға 544-тен 336 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Тәтті бұрыштыӊ арзандауына еліміздіӊ оӊтүстігінен және Өзбекстаннан әкелінетін өнім мөлшерініӊ артуы және көтерме сауда бағаларыныӊ төмендеуі себеп болды.

Осы себеппен баялды бағасы Астанада 17%-ға 461-ден 384 теӊге/кг-ға дейін, Көкшетауда 30%-ға 500-ден 350 теӊге/кг-ға дейін, Өскеменде 15%-ға 442-ден 377 теӊге/кг-ға дейін, Қарағандыда 10%-ға 309-дан 277 теӊге/кг-ға дейін және Алматыда 42%-ға 311-ден 179 теӊге/кг-ға дейін арзандады.

Сатылымда Өзбекстан мен еліміздіӊ оӊтүстігінен әкелінген қара шие мөлшерініӊ көп болуы себебімен өнім бағасы Астанада 13%-ға 1283-тен 1113 теӊге/кг-ға дейін, Көкшетауда 17%-ға 1200-ден 1000 теӊге/кг-ға дейін, Өскеменде 10%-ға 1442-ден 1301 теӊге/кг-ға дейін, Қарағандыда 13%-ға 1220-дан 1058 теӊге/кг-ға дейін және Павлодарда 13%-ға 1300-ден 1130 теӊге/кг-ға дейін арзандады.

Астанада алхоры бағасы 12%-ға 700-ден 616 теӊге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 18%-ға 594-тен 488 теӊге/кг-ға дейін, Көкшетауда 13%-ға 400-ден 350 теӊге/кг-ға дейін және Өскеменде 26%-ға 749-дан 554 теӊге/кг-ға дейін төмендеді. Бұған себеп нарықтыӊ өніммен қанығуы және көтерме сауда бағаларыныӊ төмендеуі.

Астанада шабдалы 10%-ға 641-ден 578 теӊге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 20%-ға 758-ден 606 теӊге/кг-ға дейін, Көкшетауда 25%-ға 500-ден 375 теӊге/кг-ға дейін, Өскеменде 16%-ға 543-тен 458 теӊге/кг-ға дейін және Қарағандыда 20%-ға 572-ден 459 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Баға көрсеткіштерініӊ төмендеуі өнім мөлшерініӊ артуымен және көтерме сауда бағаларыныӊ арзандауымен байланысты.

Сатылымда өнім мөлшерініӊ артуы және сатушылардыӊ көтерме сауда бағаларын төмендетуі әсерінен алхоры Ақтөбеде 24%-ға 630-дан 480 теӊге/кг-ға дейін, Көкшетауда 30%-ға 500-ден 350 теӊге/кг-ға дейін, Өскеменде 30%-ға 520-дан 363 теӊге/кг-ға дейін, Қарағандыда 11%-ға 521-ден 464 теӊге/кг-ға дейін және Қостанайда 15%-ға 650-ден 550 теӊге/кг-ға дейін арзандады.

Құлпынай Ақтөбеде 12%-ға 968-ден 850 теӊге/кг-ға дейін және Қостанайда 12%-ға 850-ден 750 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Өнімніӊ арзандауы көтерме саудагерлердіӊ бағаны төмендетуімен байланысты.

Қарағандыда керісінше құлпынай бағасы қымбаттады. Оған сатылымда қымбат саяжай өнімініӊ пайда болуы әсер етті. Жидектіӊ бағасы 541 теӊге/кг-нан 658 теӊге/кг-ға дейін артты.

Еліміздіӊ оӊтүстігінен және Өзбекстаннан әкелінетін өнім көлемініӊ артуына байланысты Ақтөбеде қарбыз бағасыныӊ 17%-ға 90-нан 75 теӊге/кг-ға төмендеуі байқалды. Шымкентте жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілердіӊ өнімініӊ көптеп әкелінуі көтерме сауда бағаларын төмендеуіне әкеліп, қарбыздыӊ 1 кг 48%-ға 58-ден 30 теӊге/кг-ға дейін арзандады.

Еліміздіӊ оӊтүстігінен және Өзбекстаннан әкелінетін өнім мөлшерініӊ артуы әсерінен қауын Астанада 48%-ға 388-ден 200 теӊге/кг-ға дейін, Өскеменде 22%-ға 317-ден 246 теӊге/кг-ға дейін арзандады.

Шымкентте өнімніӊ жеткізілім мөлшерініӊ артуы және өндірушілер мен сатушылардыӊ бағаны төмендетуі әсерінен қауын 33%-ға 150-ден 100 теӊге/кг-ға дейін арзандады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны