12.06.2015, 14:39 3899

2015 жылдыӊ 2-9 маусымы аралығында негізгі азық-түлік бағалары қалай өзгерді?

Алматыда алма 14%-ға 272-ден 309 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Өнімніӊ қымбаттауына сатылымда биылғы жылы ерте өсетін қымбаттырақ сұрыптардыӊ артуы себеп болды. Бір апта ішінде көтерме сауда бағалары 7%-ға 185-тен 198 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады

Астана. 12 Маусым. Kazakhstan Today - "Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдыӊ 2-9 маусымы аралығында бөлшек сауда бағаларыныӊ төмендегідей өзгерісін анықтады:

- 1 санатты жұмыртқа Павлодарда 12%-ға он данасына 125-тен 110 теӊгеге дейін арзандады. Баға төмендеуі көтерме сауда бағаларыныӊ 20%-ға он данасына 112-ден 90 теӊгеге дейін арзандауымен түсіндіріледі;

- Алматыда алма 14%-ға 272-ден 309 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Өнімніӊ қымбаттауына сатылымда биылғы жылы ерте өсетін қымбаттырақ сұрыптардыӊ артуы себеп болды. Бір апта ішінде көтерме сауда бағалары 7%-ға 185-тен 198 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады;

- Астанада қызанақ бағасы 18%-ға 379-дан 309 теӊге/кг-ға дейін, Таразда 18%-ға 259-дан 213 теӊге/кг-ға дейін, Қостанайда 10%-ға 390-нан 350 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Қызанақтыӊ арзандауына нарықтыӊ еліміздіӊ оӊтүстігінен әкелінген отандық өндірушілердіӊ жылыжай өнімімен қанығуы (жаппай пісуі) себеп болды; Бір апта ішінде көтерме сауда бағалары Астанада 20%-ға 250-ден 200 теӊге/кг-ға дейін, Таразда 21%-ға 242-ден 190 теӊге/кг-ға дейін, Қостанайда 12%-ға 325-тен 285 теӊге/кг-ға дейін арзандады;

- Өскеменде жүзім 16%-ға 946-дан 799 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Жүзім бағасыныӊ арзандауына тұтынушылық сұраныстыӊ төмендеуі себеп болды;

- Павлодарда қияр 53%-ға 280-нен 133 теӊге/кг-ға дейін, Шымкентте 47%-ға 150-ден 80 теӊге/кг-ға дейін, Қостанайда 33%-ға 300-ден 200 теӊге/кг-ға дейін, Көкшетауда 32%-ға 352-ден 220 теӊге/кг-ға дейін, Талдықорғанда 28%-ға 250-ден 180 теӊге/кг-ға дейін, Петропавлда 25%-ға 200-ден 150 теӊге/кг-ға дейін, Қызылордада 23%-ға 220-дан 170 теӊге/кг-ға дейін, Өскеменде 22%-ға 308-ден 240 теӊге/кг-ға дейін, Алматыда 13%-ға 175-тен 152 теӊге/кг-ға дейін, Астанада 12%-ға 233-205 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Баға көрсеткіштерініӊ арзандауына еліміздіӊ оӊтүстік облыстарынан әкелінетін арзан ашық топырақ жағдайында өсірілген өнім мөлшерініӊ артуы (жаппай пісуі) және нарықтыӊ өніммен қанығуы себеп болды;

- Петропавлда пияз 24%-ға 105-тен 80 теӊге/кг-ға дейін, Алматыда 13%-ға 113-тен 98 теӊге/кг-ға дейін, Астанада 11%-ға 108-ден 96 теӊге/кг-ға дейін және Павлодарда 10%-ға 100-ден 90 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Өнім бағасыныӊ арзандауына сатушылардыӊ көтерме сауда бағаларын Петропавлда 28%-ға 90-нан 65 теӊге/кг-ға дейін, Алматыда 6%-ға 69-дан 65 теӊге/кг-ға дейін, Астанада 5%-ға 74-тен 70 теӊге/кг-ға дейін және Павлодарда 11%-ға 90-нан 80 теӊге/кг-ға дейін төмендетуі себеп болды;

- Шымкентте қырыққабат 25%-ға 80-нен 60 теӊге/кг-ға дейін, Петропавлда 20%-ға 100-ден 80 теӊге/кг-ға дейін, Астанада 17%-ға 111-ден 92 теӊге/кг-ға дейін, Оралда 13%-ға 104-тен 91 теӊге/кг-ға дейін, Павлодарда 11%-ға 90-нан 80 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Өнімніӊ арзандауына нарықтыӊ еліміздіӊ оӊтүстігінен әкелінетін ерте пісетін отандық өндірушілердіӊ өнімімен қанығуы себеп болды;

- Өскеменде қызылша 17%-ға 163-тен 135 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Қызылша бағасыныӊ төмендеуіне тұтынушылық сұраныстыӊ азаюы себеп болды. Өнімніӊ көтерме сауда бағасы керісінше 8%-ға 108-ден 117 теӊге/кг-ға дейін ұлғайды;

- Павлодарда қызылша 20%-ға 100-ден 120 теӊге/кг-ға дейін, Астанада 16%-ға 163-тен 189 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Тауардыӊ қымбаттауына сатылымда биылғы ерте өсіп шыққан қымбат өнім мөлшерініӊ артуы себеп болды;

- Алматыда шабдалы 16%-ға 550-ден 464 теӊге/кг-ға дейін және Көкшетауда 10%-ға 725-тен 650 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Өнімніӊ арзандауына Ссатушылардыӊ көтерме сауда бағаларын Алматыда 32%-ға 443-тен 300 теӊге/кг-ға дейін және Көкшетауда 17%-ға 595-тен 495 теӊге/кг-ға дейін төмендетуі себеп болды;

- Алматыда тәтті бұрыш 14%-ға 553-тен 474 теӊге/кг-ға дейін және Астанада 12%-ға 703-тен 618 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Тәтті бұрыштыӊ арзандауына өнімніӊ жеткізілім мөлшерініӊ ұлғаюы және көтерме сауда бағаларыныӊ Алматыда 17%-ға 433-тен 358 теӊге/кг-ға дейін және Астанада 19%-ға 550-ден 443 теӊге/кг-ға дейін төмендеуі себеп болды;

- Астанада өрік 20%-ға 617-ден 742 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Баға көрсеткіштерініӊ ұлғаюына сатылымдағы өнім мөлшерініӊ азаюы себеп болды;

- Алматыда өрік 11%-ға 550-ден 488 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Жемістіӊ арзандауына өнім мөлшерініӊ артуы және көтерме сауда бағаларыныӊ 14%-ға 433-тен 372 теӊге/кг-ға дейін төмендеуі себеп болды;

- Көкшетауда құлпынай 10%-ға 1000-нан 900 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Жидектіӊ арзандауына өнімніӊ жеткізілім мөлшерініӊ артуы және көтерме сауда бағаларыныӊ 14%-ға 700-ден 600 теӊге/кг-ға дейін төмендеуі себеп болды;

- Астанада лимон 17%-ға 568-ден 667 теӊге/кг-ға дейін қымбаттады. Баға өсімі бағаларды тіркеу күні сатылымда қымбат ірі лимондардыӊ басым болуымен түсіндіріледі;

- Астанада баялды 12%-ға 625-тен 549 теӊге/кг-ға дейін және Алматыда 11%-ға 463-тен 411 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Көкөністіӊ арзандауына өнімніӊ жеткізілім мөлшерініӊ артуы және көтерме сауда бағаларыныӊ Астанада 20%-ға 440-тан 350 теӊге/кг-ға дейін және Алматыда 26%-ға 393-тен 292 теӊге/кг-ға дейін төмендеуі себеп болды;

- Астанада қара шие 16%-ға 1350-ден 1138 теӊге/кг-ға дейін арзандады. Жемістіӊ арзандауына өнімніӊ жеткізілім мөлшерініӊ артуы және көтерме сауда бағаларыныӊ 5%-ға 1133-тен 1075 теӊге/кг-ға дейін төмендеуі әкелді.

Қарастырылып отырған уақыт аралығында бакалея және ет-сүт өнімдері арасында айтарлықтай (10%-дан артық) баға өзгерісі анықталған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазагромаркетинг" АҚ әр апта сайын сейсенбі күні азық-түлік өнімдерініӊ 66 түрі бойынша еліміздіӊ барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында баға мониторингін жүргізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны