13.12.2013, 21:27 3086

2015 жылға қарай Қызылорда облысындағы елді-мекендердің 70 пайызына газ тартылады

Қызылорда облысы Досан ауылында АГТС-2 автоматты газ тарату станциясының ашылуы өтті. Станция 2015 жылға қарай өңірдегі елді-мекендердің 70 пайызын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan today. Қызылорда облысы Досан ауылында АГТС-2 автоматты газ тарату станциясының ашылуы өтті. Станция 2015 жылға қарай өңірдегі елді-мекендердің 70 пайызын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ бас директоры Қайрат Шәріпбаев қызылордалықтарды АГТС-ның ашылуымен құттықтады. Өңір басшысы "ҚазТрансГаз" АҚ-на АГТС-ның құрылысына 6 млрд теңге бөлгеніне алғыс білдірді. Кейін облыстың ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов көпшілікті құттықтап, облыс халқына игі тілек тіледі", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны