30.01.2015, 15:19 4157

2015 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 60 млрд теӊге бөлінеді - АШМ

Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға 60 млрд теӊге бюджет қаражаты қарастырылады, деп мәлімдеді бүгін ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров ведомствоныӊ алқа отырысында

Астана. 30 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға 60 млрд теӊге бюджет қаражаты қарастырылады, деп мәлімдеді бүгін ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров ведомствоныӊ алқа отырысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ағымдағы жылы Министрлік көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 60 млрд теӊге көлемінде одан әрі шаруаларды несиелендіру үшін бюджеттік несие бөлуді жоспарлап отыр, бұл былтырғы жылғыдан 20 млрд теӊге артық", - деді С.Омаров, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Министрдіӊ орынбасары атап өткендей, қазіргі таӊда 2015 жылғы көктемгі дала жұмыстарын уақытында өткізуді қамтамасыз ету мақсатында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардыӊ немесе екінші деӊгейлі банктердіӊ кепілдігіне астықты форвардтық сатып алуды хабарлады.

"Энергетика министрлігімен бірлесіп 2015 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті дизель отыныныӊ көлемі қаӊтар-ақпан кезеӊінде қосымша құн салығымен қоса тоннасына 90 мыӊ теӊге 366 мыӊ тонна мөлшерінде айқындалды. Жанармай құю стансаларындағы нарықтық баға литріне 107 теӊге болғанда литріне 76 теӊге бағамен", - деп баса айтты ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны