01.09.2015, 16:03 4302

2015 жылғы тамызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 2%-ға төмендеді

Ағымдағы жылғы тамызда шілдемен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 3,3%, өӊдеу өнеркәсібінде - 0,6%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға - 2,4%-ға төмендеді, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 2,1%-ға жоғарылады

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы тамызда шілдемен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 3,3%, өӊдеу өнеркәсібінде - 0,6%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға - 2,4%-ға төмендеді, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 2,1%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен айда бағаныӊ газ конденсатына - 11,4%, табиғи газға - 10%, мұнайға - 3%, сұйытылған пропан және бутанға - 1,4%-ға төмендеуі, олардыӊ дизель отынына - 1,7%, металл кендеріне - 0,9%-ға жоғарылауы тіркелді.

Баға алюминийге - 6,4%, асыл металдарға - 5%, қорғасынға - 4,1%, мысқа - 4%, мырышқа - 3,8%-ға төмендеді.

Бағаныӊ күрішке - 1,5%-ға, макарон өнімдеріне - 1,4%, мал етіне - 1,3%, құс етіне - 0,9%, сүт өнімдеріне - 0,4%-ға төмендеуі, олардыӊ қантқа - 1,2%, өсімдік майына - 0,7%-ға жоғарылауы байқалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны