15.07.2014, 23:16 3278

2015 жылы азаматтық қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа үлгісі енгізіледі - ЕХИҚМ

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа үлгісі енгізіледі. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа үлгісі енгізіледі. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

"2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа үлгісі енгізіледі. Бүгінгі таңда азаматтық қызметкерлердің жалақы мөлшері барлығында бірдей. Яғни басшы мен жай қызметкердің еңбекақысы тең. Нәтижесінде жұмыс тиімділігі төмендеп кетті. Сондықтанда жаңа үлгіні енгізу көзделуде", - деді министр.

Оның айтуынша, жаңа тәртіпке сәйкес, еңбекақы төлемі адамның білім деңгейіне, біліктілігіне, орындалатын жұмыстың қиындығы мен жауапкершілік дәрежесіне байланысты болмақ.

"Басқару саласындағы азаматтық қызметкерлер "Басқару персоналы" блогында, салалық функцияларды атқаратында, яғни дәрігерлер, мұғалімдер және т.б. "Негізгі персонал" блогына жатқызылады. Ал, экономист, заңгер, бухгалтерлер сынды азаматтық қызметкерлер "Икімшілік персоналына", техникалық жұмысшылар "Техникалық персонал" және "Көмекші персонал" блоктары арасында бөлінетін болады", - деп ведомсвто басшысы толықтырды.

Айта кетерлік жайт, азаматтық қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа тәртібін енгізу олардың жұмыс тиімділігін, кәсіби өсімін ынталандыратын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны