12.02.2014, 18:38 3769

2015 жылы БҒМ ғылыми зерттеу жұмыстарына 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөледі

"Егер ниет танытқандар көп болса, біз олардан ақшамызды аямаймыз. Осы жылы байқау жариялаймыз, 2015 жылы жобаларды жүзеге асыру үшін 3-5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлеміз. Бұл дегеніміз дайын нәтижені анықтау және ол біздің мақсаттарымыздың бірі", - деп комитет төрағасының орынбасары ағынан жарылды.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan today. "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асыру барысында ҚРТ БҒМ 2014 жылы жарияланатын байқау аясында 2015 жылы ғылыми зерттеу жұмыстарына 4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөледі, деп ҚР БҒМ ғылым комитеті төрағасының орынбасары Амандық Төлешов "Strategy2050.kz" АА тілшісіне берген экслюзивті сұхбатында ағынан жарылды.

"2014 жылы біз зерттеу институттарын, ғылыми-ауыл шаруашылығы институтын дамытпақпыз. Яғни, институттармен өндірісті байланыстыру, олардың ғылыми жұмыстарына сұранысты арттыру үшін корпоративтік басқару жүйесін енгізу керек. Осылайша біз қаржыландыру жүйесін жетілдіреміз. Мысалы, осы жылы біз ғалымдар мен бизнес-кәсіпорындары қатыса алатын және олар қаржының 20-25% өздері құятындай етіп грант бойынша жобаларды қаржыландыру үшін байқау жариялаймыз", - деп А. Төлешов хабарлады.

Сонымен қатар, ол, қазақстандық халықтар өздерінің ғылыми жұмыстары үшін кәсіпорындардың жұмысымен таныса алатынын атап өтті. Осы ретте, ҚР БҒМ Ғылым комитеті олардың зерттеулерін қаржыландыратын болады. Аталмыш жүйе А. Төлешовтың айтуынша, ғылым мен өндірісті тығыз байланыстырады.

"Егер ниет танытқандар көп болса, біз олардан ақшамызды аямаймыз. Осы жылы байқау жариялаймыз, 2015 жылы жобаларды жүзеге асыру үшін 3-5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлеміз. Бұл дегеніміз дайын нәтижені анықтау және ол біздің мақсаттарымыздың бірі", - деп комитет төрағасының орынбасары ағынан жарылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны