01.02.2016, 11:05 3371

2015 жылы қызметкерлердіӊ есепшоттарына 31,1 млрд. теӊгеден астам міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары түсті

2014 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап жұмыс берушілердіӊ есебінен зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердіӊ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді.

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылы 5 мыӊнан астам жұмыс беруші 372 889 қызметшіге 31,1 млрд.теӊге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2013 жылғы 31 желтоқсандағы Үкіметтіӊ Қаулысымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарыныӊ салымшылары меншікті қаражаты есебінен зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердіӊ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердіӊ, жұмыстардыӊ, қызметкерлер кәсіптерініӊ тізбесі бекітілді.

2014 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап жұмыс берушілердіӊ есебінен зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердіӊ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны