26.12.2014, 13:51 4710

2015 жылы теӊгеніӊ құнсыздануы болмайды - сарапшы

Егер белгілі бір тауарлар доллардыӊ күшею қаупінен сатылып алынған болса, олардыӊ құнын теӊгеге айналдырып, нарықта сатып жіберу керек. Халық пен бизнестіӊ теӊгеге деген сенімін қайтару үшін бұл долларсыздандыру бағытындағы алғашқы салмақты қадам.

Астана. 26 желтоқсан. Kazakhstan Today - "2015 жылы теӊгеніӊ құнсыздануы болмайды. Мемлекеттік компанияларда мөлшерден басқа долларға сұраныс туындатпауға тырысуы керек. Егер белгілі бір тауарлар доллардыӊ күшею қаупінен сатылып алынған болса, олардыӊ құнын теӊгеге айналдырып, нарықта сатып жіберу керек. Халық пен бизнестіӊ теӊгеге деген сенімін қайтару үшін бұл долларсыздандыру бағытындағы алғашқы салмақты қадам. Енді мемлекеттік компаниялардағы доллар қорыныӊ көлемі азайып, теӊге күшейе бастайды", - дейді О.Құдайбергенов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ айтуынша, елдегі долларсыздандыру бағытындағы шаралар кезінде банк саласымен қатар салымшылардыӊ да өз үлесін қосуы керектігін айтты.

"Еӊ алдымен доллармен несиесі бар адамдарды теӊгеге ауыстыруға ден қою абзал. Заӊды тұлғаларда бұл қайта қаржыландыру, жеке тұлғалар ипотекалық қарыздары бар жағдайда қосылуы мүмкін", - деді О.Құдайбергенов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сонымен қатар, ол сыртқы нарықтағы шиеленісті жағдайлар кезінде нақты қолға алынатын шаралардыӊ өз уақытымен кезеӊ-кезеӊімен атқарылатынын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны