06.04.2015, 15:42 4560

2015 жылы Ұлттық қордан индустриалды инфрақұрылымды дамытуға 81 млрд теӊге бөлінеді

"2015 жылы Ұлттық қордан индустриалды инфрақұрылымды дамытуға 81 млрд теӊге бөлінеді, оныӊ ішінде Атырау облысындағы "НИНТ" ЕЭА мен Алматы облысындағы "Қорғасы-Шығыс қақпасы" да бар", - деді вице-министр

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылы Ұлттық қордан индустриалды инфрақұрылымды дамытуға 81 млрд теӊге бөлінеді, деді ОКҚ брифингінде Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылы Ұлттық қордан индустриалды инфрақұрылымды дамытуға 81 млрд теӊге бөлінеді, оныӊ ішінде Атырау облысындағы "НИНТ" ЕЭА мен Алматы облысындағы "Қорғасы-Шығыс қақпасы" да бар", - деді вице-министр, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Құсайынов атап өткендей, "НИНТ" ЕЭА инфрақұрылым құрылысыныӊ аяқталуы 1,8 трлн теӊгені тартуға мүмкіндік береді, ол 5 мыӊ жұмыс орнын құрылысы барысында 1,5 мыӊ тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

" "Қорғас-Шығыс қақпасы" ЕЭА құрылыс инфрақұрылымы Қорғас арқылы тауар айналымын 8 есе көтеруге мүмкіндік береді, өз кезегінде жүк тасымалын жылына 4 млн-ға арттырады", - деді ол.

Вице-министрдіӊ айтуынша, қорытындысында 150 млрд теӊге жеке инвестиция тартылып, 20 мыӊ жұмыс орны ашылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны