28.09.2016, 11:48 4381

2016 жылдыӊ басынан бері Оӊтүстік Қазақстан облысында 654 тұрғын үй пайдалануға берілді

Тұрғын үй құрылысында жалпы алаӊныӊ 1 шаршы метрініӊ орташа құны 48,3 мыӊ теӊгені құрады.

Шымкент. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылғы қаӊтар-тамызда облыста 207881,2 млн.теӊге инвестиция игерілді, оныӊ ішінде 44,1% немесе 91637,8 млн.теӊгесі ауылдық жерлерге тиесілі, деп хабарлады облыстық статистика департаменті.

Қаржыландырудыӊ негізгі көзі кәсіпорындар, ұйымдар және халықтыӊ меншікті қаражаты болып табылады, олардыӊ көлемі ауылдық жерлердегі инвестициялардыӊ жалпы көлемінен 34,5% немесе 31604,9 млн. теӊгені құрады.

Ауылдық жерлерде игерілген инвестициялардыӊ жалпы көлеміндегі республикалық бюджеттіӊ үлесі 7,3%, жергілікті бюджет - 26,1%, банктердіӊ кредиттері -1,4% және қарыз қаражаты - 30,8% құрайды.

2016 жылдыӊ басынан жалпы алаӊы 86,5 мыӊ шаршы метрді құрайтын 654 тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысында жалпы алаӊныӊ 1 шаршы метрініӊ орташа құны 48,3 мыӊ теӊгені құрады. Тұрғын емес объектілер бойынша осы кезеӊде ауылдық жерлерде 7325 оқушы орынды 28 жалпы білім беретін мектеп, 1040 орынды 6 мектепке дейінгі мекеме, ауысымына 120 келушілерге арналған 1 амбулаторлық-поликлиникалық мекеме пайдалануға берілді.

Оӊтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы 252 мыӊ шаршы метр аумақты 151 үй немесе 3 197 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс төртінші сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылға дейінгі өӊірлерді дамыту" бағдарламасы аясында 790 мыӊ шаршы метрлі 262 үйдіӊ құрылысы жүргізілуде (11 135 пәтер). Ағымдағы жылы 252 мыӊ шаршы метрлі 151 үй (3 197 пәтер) пайдалануға беріледі,- деп атап өтті әкім.

Облыс басшысы әлеуметтік салаға айрықша көӊіл бөлініп отырғанына тоқталды.

"Ағымдағы жылы 10 денсаулық сақтау нысаныныӊ құрылысы, 8 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге Түлкібас ауданындағы ауылдық емхана іске қосылды.

Облысымызда әлемдік медицинадағы озық технологиялар пайдаланылуда. Балалар қан тамыр хирургиясын дамыту қолға алынды. Медициналық қызметтіӊ сапасын жақсарту мақсатында қызметкерлердіӊ біліктілігін арттыруға көӊіл бөлініп отыр",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны