15.10.2015, 09:04 4218

2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап фильтрлі сигареттіӊ бір қорабы кемінде 240 теӊге тұрады

Астана. 15 Қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап Қазақстанда сигареттердіӊ бір қорабыныӊ бағасы 240 теӊгеге жетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысы 2015 жылғы 12 қазан, Астана, Үкімет Үйі, №822

"Фильтрлі сигареттерге еӊ төмен бөлшек баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2007 жылғы 4 сәуірдегі
№260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі қаулы етеді:

1. "Фильтрлі сигареттерге еӊ төмен бөлшек баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасыныӊ ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке:

1) 2015 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін - екі жүз жиырма теӊге мөлшерінде;

2) 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап екі жүз қырық теӊге мөлшерінде еӊ төмен бөлшек баға белгіленсін.".

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соӊ қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі К.МИСІМОВ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны