25.05.2016, 14:55 4347

2016 жылы Қазақстан экономикасыныӊ өсімі 1%-ды

"Егер оптимистік болжам жайлы айтар болсақ, биыл экономика өсімі 1%-ға жетуі мүмкін", - деді Қ.Бишімбаев тілшілерге берген жауабында

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ҰЭМ болжамына сәйкес Қазақстан экономикасыныӊ өсімі 2016 жылы 1%-ды құрауы мүмкін, деп мәлімдеді Астана экономикалық форумы барысында ведомство басшысы Қуандық Бишімбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Егер оптимистік болжам жайлы айтар болсақ, биыл экономика өсімі 1%-ға жетуі мүмкін", - деді Қ.Бишімбаев тілшілерге берген жауабында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, оныӊ айтуынша, ведомствоныӊ консервативті болжамына сәйкес экономика өсімі биыл "кем дегенде 0,5%-ды құрайды".

Министр түсіндіргендей, экономикалық болжам негізіне мұнай бағасы барреліне 30 доллар көлемінде жоспарланған.

"Қазір көріп отырғандарыӊыздай, мұнай бағасы өсті. Ирине, бұл Қазақстан экономикасына әсер етпейді (...) Ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру және инвестициялық ахуалды жақсарту оптимистік болжамға жүгінуге негіз болады", - деп есептейді ҚР ҰЭМ басшысы.

Естеріӊізге салсақ, бүгін елордада IX Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. АЭФ-2016 басты тақырыбы "Жаӊа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар жәні білім экономикасы".

Форумда саясаткерлер, ірі қаржы құрылымдарыныӊ басшылары, халықаралық ұйым басшылары, әлемді мойындатқан сараптық қауымдастық өкілдері, ғалымдар бас қосты. Биылғы жылдыӊ айтулы қонақтарыныӊ ішінде түрлі салалардағы Нобель сыйлығыныӊ лауреаттары бар.

Форумныӊ мақсаты әлемдік сарапшы-экономисттер Орталық Азия өӊірінен бөлеу, сондай-ақ барлық әлем кеӊістігінде экономикалық даму мәселесін талқылай алатын бейтарап халықаралық тұғырнаманы қалыптастыру.

Биыл АЭФ-2016 Қазақстан астанасында екі күн, 25-26 мамырда өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны