22.08.2016, 11:01 3411

2017 жылға қарай ШҚО-ныӊ Зырян ауданында 8 шақырымдық су және жылумен қамту құбырлары жаӊғыртылады

Шығыс Қазақстанныӊ Зырян ауданында коммуникацияларды қайта жаӊғырту шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстанныӊ Зырян ауданында коммуникацияларды қайта жаӊғырту шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында жүргізілуде.

ШҚО ақпараттық орталығыныӊ мәліметінше, жылу және сумен қамту жүйесін жөндеу бойынша Зырян ауданында 1,4 млрд теӊге республикалық бюджеттен бөлінді. Жылу коммуникациялық құбырларды ауыстыру өткен жылы басталды. Онда 400 метр құбыр жаӊғыртылды. Биыл 300 метр жаӊғыртылды.

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, қазір ескі құбырларды жөндеу жүзеге асырылуда. Жаӊа құбырларды орнату 20 қыркүйекте басталды.

Жұмыстар 2017 жылы аяқталады. Жөндеу жұмыстары уақытты тиімдеп, жылу беруді жылдамдатады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны