05.04.2017, 12:45 5191

2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресейдiӊ шекарааралық ынтымақтастығы форумын өткiзу жоспарланып отыр

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмдiгiнде өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен кезектi аппарат кеӊесi өттi. Облыс әкiмi өӊiрдiӊ экономикасын жақсарту үшiн барлық қажеттi қорлар бар екендiгiн айтып, жекелеген салалардыӊ даму болашағына қысқаша тоқталды.

Петропавловск. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмдiгiнде өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен кезектi аппарат кеӊесi өттi.

Облыс әкiмi өӊiрдiӊ экономикасын жақсарту үшiн барлық қажеттi қорлар бар екендiгiн айтып, жекелеген салалардыӊ даму болашағына қысқаша тоқталды.

"Биыл бiлiм бойынша 11 негiзгi көрсеткiш енгiзiлген. Бәрiнен бұрын ол - бiлiм сапасы. Бiздiӊ өӊiрiмiзде жүргiзiлетiн барлық жұмыс осы санат бойынша бағаланатын болады. "2016 жылы мектеп бiтiрген оқушылар арасында оқыту бағдарламасын жақсы меӊгерген оқушылардыӊ үлесi" деген көрсеткiш бар. Бұл - бiз бағалайтындығымыздыӊ негiзгiсi. Бiз осы көрсеткiш бойынша iлгерiлеуiмiз керек. Мен барлығын санамаламай-ақ қояйын. "Мемлекеттiк тапсырыс бойынша техникалық және кәсiби бiлiм беретiн оқу орындарында оқыған және 2018 жылы оқығаннан кейiн бiрiншi жылы жұмысқа орналасқан түлектердiӊ үлесi" деген индикатор бар. Бiз үшiн колледждердегi оқу сапасын көрсететiн бұл көрсеткiш айқындаушы болады. Егер олар жұмысқа орналасса, жұмыс берушiлердiӊ жұмысқа алғаны И олардыӊ алған сапасыныӊ сәйкес болғанын көрсетедi", И дедi облыс әкiмi.

Сол сияқты өӊiр басшысы басқа индикаторларды да айтып бердi - интернаттардыӊ санын қысқарту үшiн баламалы үлгiлерге орналастырылған жетiм және ата-аналарыныӊ қамқорлығынсыз қалған балалар саныныӊ үлесi.

"Бiз балаларды өзiне алған адамдарға ақша төлейтiн боламыз. Кез келген уақытта жекелеген балалар үйi мен интернаттарда орын алған тамаша жағдайларға қарағанда, отбасында бала жақсы әлеуметтенедi. Бiз интернатта тұратын балалардыӊ санын қысқартуға ұмтылатын боламыз", - дедi облыс әкiмi.

Бұдан басқа, Құмар Ақсақалов мектепке дейiнгi бiлiммен қамтылған балалардыӊ санын арттыру қажеттiгiн атап айтты. Бұл жағдайда өскелеӊ ұрпақ барынша спортпен, мәдениетпен және шығармашылықпен қамтылуға тиiс.

"Денсаулық сақтау саласында мемлекеттiк "Денсаулық" бағдарламасыныӊ негiзгi көрсеткiштерiнiӊ бiрi - 2019 жылы тұрғындардыӊ орташа өмiр сүру жасын 73-ке жеткiзу. Соған байланысты басым бағыттар бес негiзгi ауруды емдеуге назар аударады. Олар - кан айналымы ауруы, инсульт, инфаркт, қатерлi iсiк, жүрек-қан тамыры сырқаттары, жарақаттану, жүктiлiк пен туа алмаушылық", - дедi облыс әкiмi.

Өӊiр басшысы саламатты өмiр салтын насихаттауға ерекше көӊiл бөлу қажеттiгiн қадай айтты. Құмар Ақсақаловтыӊ сөзiне қарағанда, бұқаралық спорт тұрғындардыӊ денсаулығына оӊ әсер етуге тиiс. Соған байланысты спортқа жұмсалған қаражат денсаулық сақтауда көрiнiс табуы тиiс.

Iшкi саясат саласында электронды БАҚ пен ұлттық телерадиомен қамтуды дамыту бойынша жұмыс жүргiзiлетiн болады.

Аппараттық кеӊес барысында Құмар Ақсақалов өӊiрдiӊ бастамашыл орталық атқарушы органдарын қолдау туралы ақпараттандырды. "Шағын және орта кәсіпкерлік 2020" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жобаларға 1 млрд. 300 млн. теӊге көлемiнде қосымша қаржыландыру осылай мақұлданды.

"Кезектi шұжық цехы және қарапайым өндiрiс емес, шын мәнiнде қызықты болып табылатын жобалар берiӊiздер. Оларды да дамыту керек екенiн түсiнемiн, бiрақ инновациялық жағы да қажет қой. Қызықты жобаларды ұсына бiлу керек",- деп атап көрсеттi облыс әкiмi

Сол сияқты, Петропавлда салынып жатқан шағын аудан үшiн инженерлiк коммуникациялар жүргiзуге 1,5 млрд. теӊгенiӊ өтiнiмiн Ұлттық экономика мнистрлiгi мақұлдады. Сомасы 1,8 млрд. теӊгенiӊ "Бәйтерек" бағалы қарыз қағазын шығаруға арналған мәселе талқыланды.

"Бiлiм министрi Петропавл қаласында мектептер салу туралы бiздiӊ ұсынысымызды қолдады. Тез арада ЖСҚ әзiрлеуiмiз керек. Қалаға үш мектеп тұрғызуымыз қажет. Ол жаӊа жұмыс орындарын ашады, жергiлiктi ұйымныӊ дамуына қарқын бередi",- дедi Құмар Ақсақалов

Бұдан басқа, Бiлiм министрлiгi Киров атындағы зауыттыӊ оқушыларға арналған шкафтар мен 3D-принтерлерiн жасау туралы әзiрлемелерiн мақұлдады. Ведомство республика бойынша кепiлдiк жiберуге әзiр.

"МЖК аясында денсаулық сақтау жүйесiндегi жұмысты жандандыру қажет. Министрлермен көптеген келiсiмдер бар, барлық бағдарламалар бойынша облысқа қосымша қаражат тарта аламыз және тартуға мiндеттiмiз. Егер қызықты ұсыныстар айтылатын болса, аудандар және қала бойынша қаржы тарту үшiн, орталықпен жұмыс iстеуге әзiрмiн",- дедi Құмар Iргебайұлы.

Кеӊестiӊ соӊында өӊiр басшысы 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресейдiӊ шекарааралық ынтымақтастығы форумын өткiзу жоспарланып отырғандығын мәлім етті. Оған дейiн облыс орталығы барынша жаӊарады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны