31.01.2019, 14:23 12894

2018 жылы Болашақ шекаралық станциясы арқылы жүк ағыны екі есеге артты

Түркменстанмен шекарадағы Болашақ станциясынан қазақстандық ауыл шаруашылығы өнім өндірушілердің өнімдері - бидай, ұн, ұңтақ өнімдері, арпа, сұлы және жасымық жөнелтіліп жатыр. Өнімдер Иран, Ауғанстан және Түркменстанға экспортталуда.

Астана. 31 қаңтар. Kazakhstan Today - 2018 жылы Маңғыстау темір жолы бөлімшесінің Болашақ шекаралық станциясынан 400 астам пойыз жөнелтілсе, бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

Түрікменстанмен шекарадағы Болашақ станциясынан қазақстандық ауыл шаруашылығы өнім өндірушілердің өнімдері - бидай, ұн, ұңтақ өнімдері, арпа, сұлы және жасымық жөнелтіліп жатыр. Өнімдер Иран, Ауғанстан және Түрікменстанға экспортталуда.

Жүк ағыны ҚР, ТР және ИИР арасын трансұлттық теміржолы дәлізінің бөлігі болып табылатын Болашақ - Серхетяка учаскесі бойынша өтеді. Аталған дәліз Парсы шығанағы аймағының теңіз жолына шығуды қамтамасыз етеді.

Болашақ шекаралық станциясы арқылы Алтынкөл - Болашақ - Серхетяка-Акяила бағыты бойынша транзиттік контейнерлік пайыздар тасымалы жүзеге асырылады. Бұл бағыт бойынша автобөлшектер, электрондық құрал-жабдықтар, шаруашылық тұтыну тауарлары тасымалданады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны