11.01.2019, 14:03 5292

2019 жылдыӊ 8 қаӊтарындағы жағдай бойынша, "Qazaq Banki" АҚ-ныӊ 2 886 салымшысы агент банкке жүгініп, жалпы сомасы 14,4 миллиард теӊгені құрайтын өтемақы алды

"Qazaq Banki" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасыныӊ 2018 жылғы 27 тамыздағы шешімі негізінде барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 24 желтоқсан күнінен бастап, Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент банкі арқылы "Qazaq Banki" АҚ салымшыларына өтемақыныӊ төленуін жүргізіп жатыр.

2019 жылдыӊ 8 қаӊтарындағы жағдай бойынша, "Qazaq Banki" АҚ-ныӊ 2 886 салымшысы агент банкке жүгініп, жалпы сомасы 14,4 миллиард теӊгені құрайтын өтемақы алды. Бұл ҚДКБҚ-ныӊ "Qazaq Banki" АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелердіӊ жалпы сомасынан 71%-ды құрайды.

Агент банкке жүгінген салымшылардыӊ 93%-ы төлемді сол күні алды. Салымшылардыӊ қалған 7%-ы, негізінен, мүдделерін сенімхат бойынша танытқан, өтініштері негізінде заӊды қорытынды талап етілген үшінші тұлғалар, төлемді заӊнамамен белгіленген бес жұмыс күні ішінде алды. Салымшылардыӊ 84%-ы ақшаны агент банктіӊ кассасында қолма-қол алып, ал 16%-ы ақшаны агент банктегі немесе басқа да банктегі банк шотына аударуды таӊдады.

Қазіргі таӊда ҚДКБҚ-ныӊ жалпы міндеттемелер сомасынан төленбеген 29%-ы кепілдік берілген өтемді алуға әлі жүгінбеген 15 мыӊ салымшы үшін агент банкте көзделген (84%). "Qazaq Banki" АҚ салымшылары 2019 жылдыӊ 24 маусымына дейін өтінішпен агент банкке кез келген уақытта жүгіне алады. Бұдан кейін өтінішті тікелей ҚДКБҚ-ға беруге болады.

Төлем жүргізудіӊ бірінші апта қорытындысы бойынша ҚДКБҚ-ныӊ, агент банк пен "Qazaq Banki" АҚ-ныӊ тарату комиссиясыныӊ колл-орталықтарына 1 300 рет қоӊырау шалынды. "Qazaq Banki" АҚ салымшыларынан 25 шағым түсті (бұл өтемақы алған "Qazaq Banki" АҚ клиенттерініӊ жалпы санынан 1%-дан аспайды). Агент банкі бөлімшелерінде жұмысты ұйымдастыру, бөлімшелердегі кезектер, кассаны қолма-қол ақшамен толтыруды күту сияқты мәселелер бойынша шағымдар түскен болатын. Негізінен, бұл мәселелер салымшылардыӊ көпшілігі агент банкке төлем жүргізудіӊ алғашқы күндері жүгінетіндігімен шартталған. ҚДКБҚ мен агент банкі жұмыскерлері әрбір шағым бойынша мәселелерді шешу үшін бүкіл қажетті жұмысты жүргізді.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент банктіӊ филиалдары мен бөлімшелері тізімімен келесі веб-сайтта танысуға болады: www.vtb-bank.kz. Филиалдар мен бөлімшелердіӊ жұмысы туралы ақпаратты келесі қысқа нөмірі бойынша анықтамалық қызметтен алуға болады: 5050 (ұялы телефоннан қоӊырау шалу тегін).

Депозиттер бойынша кепілдік беру, өтемақыны төлеуді жүзеге асыру тәртібі, өтемақы сомасын есептеу туралы барлық мәселелер бойынша "Qazaq Banki" АҚ-ныӊ салымшыларына ҚДКБҚ байланыс орталығыныӊқысқа нөміріне 1460 хабарласуына, сондай-ақ, [email protected] электронды поштасы бойынша, www.kdif.kz веб-сайтында сауалдарын қалдыруға немесе @kdif_ask Телеграм-чаты арқылы сұрақтарын қоюына болады.

Валютаны айырбастау бағамы, сыйақыны есептеу мен капиталға айналдыру, таратылатын банк алдындағы кепілдік берілген сомасы мен міндеттемелер сомасын есепке алу сияқты төлем сомасын есептеумен байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, салымшылар "Qazaq Banki" АҚ-ныӊ тарату комиссиясына жүгіну керек:

Алматы қаласында: Назарбаев даӊғылы, 279-үй, телефоны: +7 (727) 380 39 51

Астана қаласында: Алматы ауданы, Иманов көшесі, 11, "Нұрсәулет" БО, телефоны: +7 (717) 291 92 60.

"Qazaq Banki" АҚ-ныӊ тарату комиссиясы 2019 жылдыӊ 21 ақпан күніне дейін жеке және заӊды тұлғалардыӊ өтініштерін қабылдайды.

ҚДКБҚ-да максималды кепілдік берілген сомадан асатын депозиттер бойынша өтемақыны және есептелген сыйақыны қалай алуға болатынын түсіндірді

"Qazaq Banki" АҚ-ныӊ тарату комиссиясыныӊ деректері бойынша, жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерден тұратын 18 мыӊ салымшылардыӊ 5 368 салымшысында максималды кепілдік берілген сомадан асатын депозиттері немесе есептелген сыйақы (капиталға айналдырылмаған) бойынша талаптары бар.

Таратылып жатқан банктіӊ бір салымшысына Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қорыныӊ есебінен төленетін кепілдіктіӊ еӊ жоғарғы сомасы: ұлттық валютадағы депозиттер (салымдарды, ағымдағы шоттарды және төлем карталарын қоса алғанда) бойынша - 10 миллион теӊге, шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 5 миллион теӊге, бір салымшыныӊ бір мезгілде теӊгеде және шетел валютасында орналастырылған депозиттері бар болса - 15 миллион теӊгеге дейін кепілдік берілген өтем төленеді. Өтемақы "Qazaq Banki" АҚ-ныӊ әрбір салымшысына Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент банктіӊ кез келген филиалында немесе бөлімшесінде өтініш негізінде төленеді.

Кепілдік берілген сомадан асатын депозиттер мен есептелген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар агент банкте өтемақыны алумен қатар:

o салымға, ағымдағы шотта немесе төлем картасында орналастырылған және ҚДКБҚ кепілдігініӊ максималды сомасынан асатын сомаға;

o агент банкте төленбейтін, есептелген, алайда капиталға айналдырылмаған сомаға банктіӊ тарату комиссиясына талап қоюға құқылы.

"Qazaq Banki" АҚ-ныӊ тарату комиссиясы барлық кредиторлардыӊ, соныӊ ішінде банк салымшыларыныӊ талаптарын қанағаттандыру үшін барлық шараларды қолданатын болады. Тарату комиссиясына өтініш берген кредиторлардыӊ талаптары банк және банктік қызмет туралы қолданыстағы заӊнамамен белгіленген кезектілік бойынша банк активтері мен мүлкін сату нәтижелері бойынша өтелетін болады. Тарату өндірісіндегі кредиторлардыӊ талаптарын қанағаттандыру мерзімдері банк активтері мен мүлкініӊ жеткіліктілігі әрі сапасына байланысты болады.

Тарату комиссиясына өтініш беру мерзімі - 2019 жылдыӊ 21 ақпан күніне дейін. Өтініштерді ерікті жазбаша нысанда "Qazaq Banki" АҚ-ныӊ тарату комиссиясыныӊ төрағасы Т. З. Хасановтыӊ атына жолданып, кредитордыӊ өтінішін қарау нәтижелері туралы тарату комиссиясынан жауап алу үшін онда келесідей ақпарат көрсетіледі:

o Жеке тұлға болып табылатын өтініш берушініӊ аты-жөні, ЖСН (жеке басын куәландыратын құжаттыӊ көшірмесі қоса тіркеледі),

o заӊды тұлға болып табылатын өтініш берушініӊ толық атауы, БСН,

o банк шотыныӊ нөмірі (ЖСК/IBAN) немесе банк шоты, банк салымы шартыныӊ нөмірі,

o банктіӊ кредитор алдында орындалмаған міндеттемелерініӊ сомасы (негізгі борыш пен сыйақы (тұрақсыздық айыбы мен басқа да айыппұлдық санкциялары, шығындар),

o ақшаны шотқа енгізуге арналған төлем деректемелері,

o пошталық деректемелер (индексі, мекенжайы).

Өтінішке негіздеме мен талап сомасын растайтын құжаттардыӊ (мысалы, банк шоты бойынша үзінді көшірме, банк шотыныӊ, банк салымыныӊ шарты, соттыӊ заӊды күшіне енген шешімдері немесе талап ету құқығын растайтын басқа да құжаттар) көшірмелері қоса тіркеу керек. Тарату комиссиясына ұсынылатын құжаттар көшірмелерініӊ нотариалдық куәландырылуы талап етілмейді.

Банк пен кредитор арасында жасалған шартпен басқа мерзімдер келісілмесе, тарату комиссиясы тарапынан кредиторлардыӊ келіп түскен өтініштерін қараудыӊ максималды мерзімі алу күнінен екі аптаны құрайды.

Өтініштер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жеке түрде берілуі немесе Алматы мен Астана қалаларындағы "Qazaq Banki" АҚ тарату комиссиясыныӊ филиалдарына жолдануы мүмкін:

Алматы қаласында: Назарбаев даӊғылы, 279-үй, телефоны: +7 (727) 380 39 51

Астана қаласында: Алматы ауданы, Иманов көшесі, 11, "Нұрсәулет" БО, телефоны: +7 (717) 291 92 60.

Банк қарыз алушыларыныӊ назарына!

"Qazaq Banki" АҚ-дағы тарату процесініӊ басталуы қарыз алушылар міндеттемелерініӊ орындалуын тоқтатпайды. Банктіӊ дебиторлық берешегініӊ барлық түрлері бойынша, соныӊ ішінде жеке және заӊды тұлғаларға берілген қарыздар бойынша тұрақсыздық айыбы мен сыйақыныӊ есептелуі уақытша тоқтатылмайды. Барлық қарыз алушылар қарыздарды төлеу кестесіне сәйкес Алматы мен Астана қалаларындағы "Qazaq Banki" АҚ-ныӊ тарату комиссиясы филиалдарыныӊ кассаларында немесе "Qazaq Banki" АҚ-ныӊ банк шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы өтеуі тиіс. Ақша аударуға арналған деректемелер www.qazaqbanki.kz веб-сайтында жарияланатын болады.

Анықтама. "Qazaq Banki" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасыныӊ 2018 жылғы 27 тамыздағы шешімі негізінде барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды. 2018 жылдыӊ 24 қазан күні Алматы қаласыныӊ Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Qazaq Banki" АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. Алматы қаласыныӊ МАЭС-ныӊ 2018 жылғы 24 қазандағы шешімі 2018 жылдыӊ 12 желтоқсан күні заӊды күшіне енді. Бұл күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ № 512 бұйрығымен төрағасы болып табылатын Т. З. Хасановтыӊ басқаруындағы тарату комиссиясы құрылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны