12.02.2020, 22:51 3228

2020 жылдың қаңтарында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 33 нұсқама беріліп, 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - 2020 жылдың қаңтарында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.

2020 жылдың қаңтарында мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 69 кәсіпорында 2,3 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 342 млн. теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 33 нұсқама беріліп, 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 1,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 331 млн теңге төленді.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 442 тексеру жүргізді. 866 ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 28,3 млн теңге сомаға айыппұл салынды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны