10.09.2012, 11:49 3398

2020 жылға дейін "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасымен 350 мыңға жуық кәсіпкер қамтылады

"Біздің негізгі мақсатымыз - "Бизнестің жол картасы" бағдарламасымен көптеген кәсіпкерді қамту. Бүгінде 30 мың кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бірақ та біз үшін бұл жеткіліксіз меже. Біздің келешекте, 2020 жылға дейінгі көздеп отырған межеміз 300-350 мыңға жуық кәсіпкерді осы бағдарламамен қамту", деді ол.

Астана. 10-қыркүйек. Kazakhstan Today - 2020 жылға дейін "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасымен 350 мыңға жуық кәсіпкер қамтылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Іскерлік байланыс" жобасы аясында шетелдік компаниялармен жалпы сомасы 1 млрд. теңгеден асатын келісімшарт жасалды.

Бұл туралы бүгін "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрағасының орынбасары Б.Саркеев мәлім етті.

"Біздің негізгі мақсатымыз - "Бизнестің жол картасы" бағдарламасымен көптеген кәсіпкерді қамту. Бүгінде 30 мың кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бірақ та біз үшін бұл жеткіліксіз меже. Біздің келешекте, 2020 жылға дейінгі көздеп отырған межеміз 300-350 мыңға жуық кәсіпкерді осы бағдарламамен қамту", деді ол.

Оның атап өтуінше, сондықтан да Экономикалық даму және сауда министрлігі кәсіпкерлерге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жан-жақты қолға алмақ.

Жалпы министрлік ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарласының қолдау шараларымен 30 мыңнан астам кәсіпкер қамтылған. Міне осы мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 132 мың жұмыс орны сақталып, жаңадан 19 мың жұмыс орны ашылған. Алдағы уақытта 3 мың жаңа еңбек орнын ашу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны