23.05.2016, 11:02 4268

2020 жылға дейін "Самұрық-Қазына" ҰИҚ трансформациялау бағдарламасы аясында 1,4 трлн теӊге үнемдеу жоспарланған - Е.Бахмутова

"2020 жылға қарай трансформация бағдарламасыныӊ жетістігініӊ нәтижесінде компанияныӊ барлық топтары бойынша 1 трлн 400 млрд теӊге көлемінде пайда көруге мүмкіндік береді", - деді Е.Бахмутова "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтіӊ Қордыӊ қоржындық компаниялар директорлары кеӊесі мүшелерімен VIII кездесуі аясында

Астана. 23 мамыр. Kazakhstan Today - 2020 жылға дейін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры трансформациялау бағдарламасы аясында шығындарды 1,4 трлн теӊгеге дейін қысқартуды жоспарлауда, деп мәлімдеді қордыӊ қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі Елена Бахмутова, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2020 жылға қарай трансформация бағдарламасыныӊ жетістігініӊ нәтижесінде компанияныӊ барлық топтары бойынша 1 трлн 400 млрд теӊге көлемінде пайда көруге мүмкіндік береді", - деді Е.Бахмутова "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтіӊ Қордыӊ қоржындық компаниялар директорлары кеӊесі мүшелерімен VIII кездесуі аясында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, трансформациялау бағдарламасы оны жүзеге асырғалы бері, 2014 жылғы қазаннан бастап қорға шамамен 300 млрд теӊге үнемдеуге мүмкіндік берді.

"Бізде шығындарды қысқарту бойынша үш бастама жүзеге асып үлгерді. Негізгілер: сатып алулар, қазыналық копоратив пен қаржы жұмсауды қысқарту. Тек үш бастаманыӊ өзі өткен кезеӊде 300 млрд теӊгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді", - деп түсіндірді Е.Бахмутова.

Оған қоса, шығындарды қысқарту бо йынша үш жылдық бағдарлама аясында 126 млрд теӊге үнемделді, корпоративтік қазынашылық есебінен 70 млрд жуық теӊге үнемделді.

"Сатып алуларды оӊтайландыруға қатысты бұл жоба енді дамып келеді, бірақ электронды алаӊдағы электронды сатып алулар құру бойынша қолданылған шаралар оӊтайландыру мүмкіндігін күтті. Болашақта осы үш бағыт бойынша пайдалар өседі деп күтілуде", - деді ҰИҚ басқарма басшысыныӊ орынбасары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны