14.10.2015, 17:31 4219

2020 жылға қарай республикалық маӊыздағы 7 мыӊ шақырым автожолдарда ақылылық жүйесі енгізіледі - "ҚазАвтоЖол"

2020 жылға қарай республикалық маӊыздағы 7 мыӊ шақырым автожолға ақылылық жүйесі енгізіледі, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Ұлан Иліпов

Астана. 14 Қазан. Kazakhstan Today - 2020 жылға қарай республикалық маӊыздағы 7 мыӊ шақырым автожолға ақылылық жүйесі енгізіледі, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Ұлан Иліпов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2020 жылға дейін республикадағы 7 мыӊ шақырымға жуық жолдарды ақылы негізге өткізуді қарастырудамыз", - деді Ұ.Иліпов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Автомобиль жолдарында ақылылық енгізу жөндеуден өткен және күрделі жөндеуден өткен учаскелерде жүзеге асырылады. 2016 жылдан бастап "Астана-Атбасар" жолында тек жүк көліктерінен ақы алынса, "Қызылорда -Шымкент" жолы барлық көлік түрлері үшін ақылы болады деп күтілуде. Оған қоса, жеӊіл көлік үшін 3, 6 және 12 ай мерзімге абоненттік төлем қарастырылады.

Бұдан өзге, Республикалық маӊыздағы автокөлік жолдары бойындағы жол бойы сервисін дамыту бағдарламсыныӊ жобасына сәйкес 2020 жылға дейін 200 сервис нысанын салу жоспарланған, бұл 2 мыӊнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны