03.12.2021, 19:48 31895

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жаңа жүйесіне көшеді

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жаңа жүйесіне көшеді
Сурет: bpando.org
НҰР-СҰЛТАН. 3 ЖЕЛТОҚСАН - 2022 жылғы 1 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) халықаралық негізі болып табылатын тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің жетінші басылымы күшіне енеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2022 жылғы үйлестірілген жүйесінің басылымы - бұл Дүниежүзілік кеден ұйымы тұрақты негізде жүргізетін номенклатураны жан-жақты қайта қараудың кезекті бесжылдық циклінің нәтижесі. ДКҰ мәліметінше, жүйенің жаңа басылымында әлемдік сауданың сипаты мен құрылымының өзгеруіне, жаһандық сипаттағы әлеуметтік және экологиялық мәселелерге байланысты 350-ден астам түзетулер бар.
 
Еуразиялық экономикалық комиссия 2020 - 2021 жылдар ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Бірыңғай кедендік тарифін халықаралық негізге сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты белсенді жүзеге асырды.
 

Бұл ретте келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыла бастайтын ЕАЭО бірыңғай тауар номенклатурасының жаңа редакциясындағы кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданыстағы деңгейде сақталды және Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі тарифтік міндеттемелерді толық көлемде ескереді", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:СЭҚ ТНДКҰ

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны