01.02.2024, 17:46 47686

2023 жылы Қашағанда өндірілген мұнай көлемі рекордтық мөлшерге жетіп, 18,8 млн тоннаны құрады

Қашағанда қуаты жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жобасына басымдық беріліп отыр

ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев "Шелл" концернінің "Мұнай мен газды барлау және өндіру" бөлімшесінің атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.


Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қазіргі жай-күйін талқылады. Атап айтқанда, 2023 жылы Қашаған кен орнында өндіру деңгейі 18,8 млн тоннаға жуық рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстанда өсіп келе жатқан ішкі сұранысты өтеу үшін тауарлық газ өндірісін арттыруды назарға ала отырып, кен орнын одан әрі игерудің стратегиялық қажеттілігі айтылды. Осыған орай Қашағанда қуаты жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жобасына басымдық беріліп отыр.

Сонымен қатар кездесуде геологиялық барлаудағы өзара іс-қимылдың аспектілері, соның ішінде былтыр ҚМГ мен "Шелл" арасында қабылданған меморандумға сай еліміздің аумағында болашағы бар учаскелерді зерттеу мәселесі қаралды. Бұдан бөлек, концерннің қазақстандық көмірсутектерді тасымалдау үшін экспорттық маршруттарды дамытуға қатысу мәселесі де талқыланды. Соның ішінде 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Транскаспий бағыты бойынша тасымалдау үшін Қашаған және Қарашығанақ мұнайымен қамтамасыз ету туралы сөз қозғалды.

Шелл" концерні - басты әрі сенімді серіктесіміз. Біз қазіргі жобалар бойынша, сондай-ақ жаңа перспективті бағыттар, соның ішінде мұнай-газ химиясы мен төмен көмірсутекті дамыту салалары бойынша өзара байланысымызды одан әрі нығайтуға мүдделіміз", - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны