2024 жылдың қаңтар айында темір жолы арқылы Қытайға жөнелтілген экспорт көлемі бір млн тоннаны құрады
Қытаймен қатынаста ҚТЖ желісі бойынша жүк тасымалдау көлемі 2024 жылдың қаңтарында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% өсіп, 2,4 млн тоннаны құрады. Қытайға жүк экспорты өткен жылғы көрсеткіштен 43% асып, 1 млн тоннаны құрады. Бұл ретте темір рудасының экспорты 19%-ке, астық - 37%-ке, қара металдар - 2 есе, түсті металдар - 2,2 есе өсті. Сондай-ақ контейнерлерде экспортқа жүктерді тасымалдау 2,2 есе өсті", - деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді
Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының басқарма төрағасымен кездесуде өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелері және инвестициялық компаниялармен сенімді диалогты одан әрі дамыту шаралары талқыланды. Еліміз үшін стратегиялық маңызға ие инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға баса көңіл бөлінді. Сондай-ақ Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы 38-ші жалпы отырысының дайындық барысына назар аударылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жаңа Салық кодексі бойынша оңайлатылған декларация негізінде жаңартылған арнайы салық режиміне көшу
Хабарламаны автоматты түрде беру жүзеге асырылады:
- салық төлеушінің кабинетінде "Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі" ақпараттық жүйесінде "құжаттарды тапсыру" бөлімінде "қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама" қолжетімді болады, оны салық төлеушілер өздерінің ЭЦҚ-сына қол қою арқылы және "E-Salyq Business" мобильдік қосымшасы арқылы жібере алады;
- ірі банктердің банктік қосымшаларында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ыстанбұлда қазақстандық кәсіпкерлердің даму әлеуеті талқыланды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу жүзеге асырылуда
Бірінші. Салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу. Негізгі тәсіл - салық төлеушіні сервистік сүйемелдеуге: тіркелген сәттен бастап және оның бүкіл қызметі бойында "бақылау үшін бақылаудан". Бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің, екінші деңгейдегі банктердің және басқа да цифрлық арналардың платформаларында электрондық сервистер мен интеграцияларды дамытумен қамтамасыз етілетін болады", - деді министр.
- декларацияларды алдын ала толтыру және автоматты түрде декларациялау;
- маңызды оқиғалар бойынша push-хабарламалар. Мысалы, қосылған құн салығы бойынша есепке қою немесе салық есептілігін беру мерзімі басталған кезде;
- жекелеген процестер - "өтiнiшсiз" форматта. Мысалы, мемлекеттік бажды автоматты түде қайтару немесе салықтарды есепке жатқызу.
- оңтайлы ұйымдық-құқықтық нысанды,
- салық салудың қолайлы режимін,
- есептілік тізбесін,
- тапсыру және төлеу мерзімдерін,
- өз міндеттемелерін тіркеу мен орындаудың түсінікті бағытына бағдар береді.
- міндеттемелерінің сомасы 1 млн теңгеден аспайтындар үшін мүлік, көлік және жер салықтары бойынша ағымдағы төлемдердің тоқсан сайынғы есеп айырысулары күшін жояды. Кәсіпкер жыл қорытындысы бойынша бір декларация тапсырып, жыл қорытындысы бойынша төлейтін болады.
Өндіріп алудың жаңа тәсілдері: шағын бизнесті шамадан тыс әкімшілік шаралардан қорғау. Біз шаралар мөлшерлес болуы және елеусіз сома үшін микро- және шағын бизнеске "қысым жасамауы" үшін салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдерін айтарлықтай өзгертуді жоспарлап отырмыз. Басты өзгеріс - ден қою шаралары басталатын шектерді көтеру. Егер бұрын, әлеуметтік аударымдар бойынша іс жүзінде шек болмаған кезде, осы жылы салық берешегі шамамен 26 мың теңгеден немесе 6 айлық есептік көрсеткіштен өндіріліп алынған болса, онда енді салық берешегі бойынша шегі 87 мың теңгеге немесе 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, әлеуметтік төлемдер бойынша шамамен 26 мың теңгеге немесе 6 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеріледі. Неге бұл маңызды: өйткені, бүгінде әлеуметтік төлемдер бойынша шектің болмауы себебінен өндіріп алу шараларына тап осы микро- және шағын бизнес жиі түседі - борышкерлердің шамамен 72%-ының 6 айлық есептік көрсеткішке дейін борыштары бар. Осының кесірінен шығыс операциялары тоқтатылады, бизнес уақыты мен ақшасын жоғалтады", - деді министр.
- 87 мың теңгеге немесе 20 айлық есептік көрсеткішке дейін болса - хабарлама жіберіледі, өзге шараларсыз, тек өсімпұл ғана есептеледі;
- 87 мыңнан 195 мың теңгеге дейін немесе тиісінше 20-дан 45 айлық есептік көрсеткішке дейін болса - хабарлама жіберіледі; өтелмеген кезде борыш сомасы шегіндегі шығыс операциялары тоқтатыла тұрады және тек содан кейін ғана инкассолық өкімдер шығарылуы мүмкін;
- 195 мың теңгеден немесе 45 айлық есептік көрсеткіштен астам болса - мүлікті тізімдеу және сату, дебиторлар есебінен өндіріп алу сияқты неғұрлым қатаң шаралар қолданылады.
- 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдердегі камералдық бақылау мен салықтық тексерулер күшін жояды, яғни, өткен кезең үшін тексеру болмайды;
- осы кезеңдердегі мәмілелер мен тіркеулерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз беру тоқтатылады;
- оңайлатылған рәсімге құқығы бар субъектілерді тарату жеңілдетіледі - камералдық бақылаусыз болады;
- қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды бұзған және өткен кезеңдерге есептілік ұсынбаған тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады;
- 2026 жылғы 1 сәуірге дейін негізгі борышты өтеген жағдайда - салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады.
- ресми ресурстарды пайдалану арқылы онлайн-консультациялар беріледі, оның ішінде жеке Telegram-арна құрылатын болады;
- офлайн және онлайн вебинарлар;
- есепті кезеңдерде тақырыптық консультациялық сессиялар.
- кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
- кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері;
- түсіндіру бөлігінде - аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары тартылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Өңірлерде шағын бизнесті қолдауға жыл сайын 400 млрд теңге бөлінеді
2025 жыл жаңа салық-бюджет саясатының қабылдануымен ерекшеленді. Жаңа фискалдық саясатта бекітілген негізгі қағидаттар, ең алдымен, өңірлік стандарттар жүйесі арқылы өңірлер арасындағы теңсіздікті төмендетуге, сондай-ақ кәсіпкерлікті, әсіресе микро және шағын бизнесті дамытудағы теңгерімсіздіктерді азайтуға бағытталған. Фискалдық саясат 2026 жылдан бастап бюджеттің кіріс бөлігін шамамен қосымша 4 трлн теңгеге ұлғайтуды көздейді. Бұл қосымша қаржы ресурстары Президент пен Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, бірінші кезекте, қазақстандық бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталады. Салық базасын кеңейту қағидаты - бизнес субъектілерінің кірісін арттыруымен бірге жаңа фискалдық саясаттың айқындаушы элементтерінің бірі. Үкімет сыртқы факторлар (логистика, күрделі халықаралық жағдай және валюталық ауытқулар сияқты), сондай-ақ ішкі факторлар (салықтық және тарифтік реформалар) ең алдымен шағын және орта кәсіпкерлікке қосымша жүктеме түсіретінін толық түсінеді. Осыған байланысты, биылғы 5 желтоқсанда "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының лауреаттарын марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Үкіметке жаңа Салық кодексінің жекелеген нормалары бойынша бизнес өкілдерінің өтініштерін талдауды, орынды теңгерім табуды жүктеді. Мемлекет басшысы бұл жұмысты мемлекеттік ауқымдағы міндет ретінде атап өтті. Сонымен қатар шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел қабылдауды тапсырды", - деді Серік Жұманғарин.
Іскер аймақ" шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасына бойынша әзірленген. Оған "Аманат" партиясымен және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы қатысқан. Бағдарлама шағын кәсіпкерлікті, ең алдымен, ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда ауқымды дамытуға бағытталған және жедел әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін технологиялық жағынан қарапайым, тез жүзеге асырылатын жобаларды қамтиды. Құжаттың басымдығы қосылған құнның жергілікті тізбегін, орнықты өндірістік базаны және ұзақ мерзімді экономикалық әсерді қалыптастыратындығында. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, шағын наубайханалар, сүт және ет жартылай фабрикаттары, тамақ өндіру, ағаш өңдеу, жиһаз цехтары және құрылыс материалдарын өндіру, қолөнер сияқты өзге де кәсіп түрлері таңдалып алынады.
Бағдарлама өзара байланысты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: бірінші - қаржылық шаралар. Қарыз қаржыландырудың құнын төмендетуге және шағын бизнестің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру. Екінші - қаржылық емес шаралар. Салалық онлайн-оқыту, кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыруға бағытталған сервистік және консультациялық қолдау. Үшінші - инфраструктуралық шаралар. Өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету, үй-жайлар мен жер учаскелерін жеңілдікпен жалға беру. Қазіргі уақытта ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, оның ішінде жергілікті ресурстарға бағдарлана отырып, қайта өңдеуді, қолөнерді және шағын өндірістерді дамытуға бағытталған "Ауыл аманаты", "Бір ауыл - бір өнім" сияқты бағдарламалар жүзеге асырылуда", - деді ол.
- 23 мыңға жуық жобаны қолдауға;
- 1,2 трлн теңге сомасына кредит беруді қамтамасыз етуге;
- шамамен 127 млрд теңгеге бюджеттік қолдауға мүмкіндік береді.
- салық түсімдері - 157 млрд теңге;
- өнім шығару - шамамен 1,4 трлн теңге;
- шамамен 7 мың жаңа жұмыс орнын құру және шамамен 136 мың жұмыс орнын сақтап қалу.
Бағдарламаны әкімшілендіру egov.business және Damu Online порталдары арқылы өтінімдер беруді, кәсіпкердің жеке кабинеті арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша жүзеге асыруды, сондай-ақ нақты уақыт режимінде жоба бойынша жұмыстардың орындалу барысына мониторинг жүргізуді қоса алғанда, цифрлық шешімдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Біз шалғай ауылдардың барлығында Интернет бола бермейтінін түсінеміз. Осыған байланысты консультация берудің және ақпараттық сүйемелдеудің көшпелі форматы енгізілмек. Осы мақсатта консультациялық қызметтер көрсету, өтінімдерді қабылдау және жергілікті жерлерде мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру үшін қажетті жабдықтармен және байланыс құралдарымен жарақтандырылған мамандандырылған мобильді офистерді (автобустарды) сатып алу жоспарлануда. Жалпы, Бағдарлама өңірлерде тұрақты кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға бағытталған және экономикалық даму мен бюджеттік орнықтылық арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Бағдарламаны қолдауды және мәселені Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығаруды сұраймын", - деді вице-премьер.
Жалпы, "Іскер аймақ" бағдарламасы микро шағын бизнесті қолдауға бағытталған. Орта бизнесті дамытуды ынталандыру, сондай-ақ банктердің еркін өтімділігін экономикаға тарту мақсатында осы жылдың сәуір айынан бастап "Өрлеу" жеңілдікті қаржыландырудың жаңа бағдарламасы іске қосылды. "Өрлеу" бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру қоса қаржыландыру шарттарымен, банктердің және "Даму" қорының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте банктер белгілейтін маржа 2 пайыздық тармақтан аспайды, ал түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 12,6%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы - инвестицияға 7 млрд теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыру 3,5 млрд теңгеге дейін. Бағдарламаның мақсаты - өндірісті кеңейту, жұмыспен қамтуды арттыру, технологиялық жаңарту және экономиканы әртараптандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау. Қаржыландыру негізінен: өңдеу өнеркәсібі, агроөңдеу, логистика, білім беру, денсаулық сақтау және басқа басым салаларға бағытталған. "Өрлеу" бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде 505 млрд теңгеге жуық кредит сомасына 1800-ден астам жобаға қолдау көрсетілді. Келесі жылы Бағдарламаны кеңейту мәселесі қаралады, алайда бүгінгі күні "Өрлеуге" қатысушылардың лизинг бойынша бағдарламаны пайдалану мүмкіндігі бар", - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Сөзімді қорытындылай келе, ағымдағы жылы үздік тәжірибелерге сәйкес келетін бірқатар жүйелі реформалар жүзеге асқанын атап өткім келеді. Бизнесті қолдау бағытында ауқымды жұмыс жүргізілді, оның ішінде инклюзивті және креативті, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті, жастар және әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Халықты кәсіпкерлік бастамаларға ынталандыру бойынша жүйелі әрі белсенді жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің "Даму" қоры базасында Бірыңғай фронт-офис құрылды. Аталған фронт-офисте кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтар мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге алғашқы консультациялар көрсету, құжаттар топтамасын дайындауға жәрдемдесу, сондай-ақ "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің еншілес ұйымдарының өнімдері мен қызметтері бойынша сүйемелдеу қамтамасыз етіледі", - деп түйіндеді Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысының ШОБ-ты қолдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет "Іскер аймақ" бірыңғай бағдарламасын бекітті
Қуатты әрі бәсекеге қабілетті кәсіпкерліктің дамуы - орнықты экономикалық өсудің негізгі факторы. Өздеріңізге мәлім, жуырда Мемлекет басшысы іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін жедел түрде шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауды тапсырды. Үкімет шағын және микробизнесті нақты қолдауға, өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, өндірісті дамытуға бағытталған кешенді құжатты әзірледі", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бәйтерек" холдингіне "Атамекен" палатасымен бірлесіп, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді оқыту мен оларға сервистік қолдау көрсетуді ұйымдастыруды тапсырамын.
Іскер аймақ" бағдарламасын кәсіпкерлердің, әсіресе ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы бизнес-өкілдерінің сұраныстарына дер кезінде берілген жауап ретінде бағалауға болатыны атап өтілді. Осылайша, мемлекет жай ғана субсидия бөлу әдісінен, өңірлердің ортақ жауапкершілігі моделіне көшеді. Негізгі мақсат - тек несие беру емес, тұрақты өндірістер құрып, өнім шығару көлемінің нақты өсімін қамтамасыз ету.
Іскер аймақ" бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Петромидия" мұнай өңдеу зауытының негізгі операциялық көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді
- авиациялық отын - 528 мың тонна (өсім 48%);
- бензин - 1,51 млн тонна (өсім 35,4%);
- дизель отыны - 2,28 млн тонна (өсім 24%).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ШҚО-да 1075 басқа арналған жаңа сүт-тауарлы ферма ашылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.12.2025, 21:24Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды 22.12.2025, 18:58 68096Huawei Қазақстанда ICT академиялары үшін марапаттау рәсімін өткізді23.12.2025, 20:50 65976Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады22.12.2025, 18:40 64511Словениядағы "Лука Копер" порты - Азия мен Еуропа арасында және Орта дәліздің әлеуетті транзиттік серіктесі23.12.2025, 19:29 59496Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
15.12.2025, 23:30 225176Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222166Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті17.12.2025, 17:47 217816Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 216756Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 22:01 213156Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

