14.05.2025, 10:54 62391

2026 жылдың маусымынан бастап Иордания мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы іске қосылады

2026 жылдың маусымынан бастап Иордания мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы іске қосылады
Иорданияға тікелей рейс ашылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хамза Әл-Омари мырзамен кездесті.

Бұған дейін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың ақпан айында Иордания Хашимит Корольдігіне сапарының қорытындысы бойынша Иордания тарапы Қазақстанға ұшуды бастауға ниет білдірді.

Осыған орай, кездесу барысында тараптар әуе қозғалысы туралы келісімге қол қою мүмкіндігін қарастырып, елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін талқылады.

Хамза Әл-Омари мырза сонымен қатар "Royal Jordanian" әуе компаниясының 2026 жылдың маусымынан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Қазақстанға тікелей рейстерді орындау жоспарлары туралы хабарлады. Өз кезегінде Қазақстан тарапы қолданыстағы келісімдер аясында әуе рейстерін ашуға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, тараптар елдер арасындағы теңіз кемелерінің экипаж мүшелерінің дипломдарын өзара тану туралы келісімге қол қою мерзімдері туралы келісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны