12.03.2026, 13:25 891
Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының сессиясында ядролық державалар арасындағы диалогты қайта жандандыруға шақырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан делегациясы ҚР Ұлттық ядролық орталығының Бас директоры Ерлан Батырбековтің төрағалығымен өтіп жатқан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) "Б" Жұмыс тобының 66-сессиясына қатысуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өз сөзінде ҚР Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді халықаралық қауіпсіздік архитектурасындағы қазіргі сын-қатерлер мемлекеттердің жедел ұжымдық әрекетін және өзара сенімді қалпына келтіруді талап ететінін атап өтті.
Осыған байланысты ол сессия қатысушыларына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында айтқан ядролық державалар арасында жоғары деңгейдегі диалогты қайта жандандыру жөніндегі бастамасын еске салды. Бұл бастама ядролық қаруды қолдану қаупін едәуір төмендетуге, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) режимдерін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, Қазақстан мұндай келіссөздерді өткізу үшін өз алаңын ұсынуға дайын екендігін білдірді.
Онымен қоса, Елші Қазақстан мен халықаралық қауымдастық биылғы жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуын атап өтетінін, бұл оқиға ЯСЖТШ-ға қол қойылғанының 30 жылдығымен тұспа-тұс келетінін ерекше атап өтті. Полигонның жабылуы ядролық сынақтарға жаһандық мораторийдің қалыптасуына ықпал еткен және түптеп келгенде Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт бойынша келіссөздердің басталуына әрі оның қабылдануына жол ашқан маңызды тарихи кезең болды.
Осыған байланысты Қазақстан өзінің халықаралық міндеттемелерін әрі қарай да қатаң ұстанатынын және өз аумағында орналасқан Халықаралық мониторинг жүйесінің бес станциясынан нақты уақыт режимінде деректер ұсыну арқылы ЯСЖТШҰ-ның верификациялық режиміне үлес қосуды жалғастыратынын растады.
ЯСЖТШҰ-ның "Б" Жұмыс тобының 66-сессиясы 2026 жылғы 19 наурызға дейін жалғасады. Сессия қорытындысы бойынша Шартқа қол қойған мемлекеттер отырыстың қорытынды есебін қарап, қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.03.2026, 10:24 291
Қазақстан мен Малайзия сауда, инвестиция және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Булат Сүгірбаев Малайзияның Инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрі Джохари бин Абдул Ганимен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры, Өнеркәсіпті дамыту қоры басшылығы және Allur Group компаниясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Б. Сүгірбаев екі ел арасындағы сауда көлемінің айтарлықтай артқанын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 53%-ға өсіп, 221 млн АҚШ долларына жетті. Ынтымақтастыққа қосымша серпін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған сауда делегациясының Малайзияға сапары, сондай-ақ өткен жылы QazTrade пен оның малайзиялық серіктесі MATRADE арасында ынтымақтастық туралы меморандумның қол қойылуы арқылы берілді.
Өз кезегінде Дж. бин Абдул Гани Малайзия Қазақстанды Орталық Азия нарықтарына шығу үшін маңызды серіктес әрі ірі өңірлік хаб ретінде қарастыратынын атап өтті. Министр сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді. Тараптар екіжақты өзара іс-қимыл тетіктерін, соның ішінде Бірлескен сауда-экономикалық комитеттің кезекті отырысын өткізу және Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесінің қызметін жандандыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Б. Сүгірбаев Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік торап ретіндегі стратегиялық рөлін, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту аясында атап өтті. Сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азияның материктік бөлігі мен Қытай арасындағы теміржол байланысының кеңеюі аталған бағытпен жүк ағындарын ықпалдастыруға қосымша мүмкіндіктер ашатыны айтылды. Елші Қазақстан малайзиялық компаниялардың Орталық Азия және Еуразиялық экономикалық одақ, сондай-ақ Еуропа нарықтарына шығуы үшін маңызды алаң бола алатынына сенім білдірді. Осыған байланысты "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы аумағында Малайзия сауда үйін құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Р. Қарагойшин Малайзияның Proton компаниясын Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібін дамытуға тарту мәселесі туралы хабардар етті. Бірлескен өндіріс Қазақстан экономикасында жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға ықпал ететін мультипликативтік әсер береді деп күтілуде.
Аталған инвестициялық және технологиялық жобадан бөлек, "Бәйтерек" холдингінің делегациясы Малайзияның қаржы секторымен, даму институттарымен және шағын және орта бизнесті қолдау ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін де талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 21:21 481
Стокгольмде Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшісі Олжас Сүлейменов Демократия және сайлауға жәрдемдесу жөніндегі халықаралық институттың (International Institute for Democracy and Electoral Assistance, International IDEA) Бас хатшысы Кевин Касас-Саморамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әңгімелесу барысында Елші Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның қазіргі кезеңі туралы, оның институционалдық тепе-теңдікті нығайтуға, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін дамытуға және мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға бағытталғаны жөнінде ақпарат берді.
Реформаның негізгі бағыттары туралы кеңейтілген мәлімет ұсынылып, сондай-ақ Қазақстан қабылданатын өзгерістердің құқықтық айқындығы мен демократиялық легитимділігі қағидаттарына берік екенін атап өтті.
Бас хатшы жүргізіліп жатқан өзгерістердің жүйелі сипатын атап өтіп, Қазақстанның демократиялық институттарды одан әрі дамытуға бағытталған күш-жігерін оң бағалады.
Тараптар институционалдық даму мен электоралдық үдерістер саласында кәсіби және сараптамалық диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу сындарлы жағдайда өтіп, тараптардың ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделі екенін растады.
International IDEA - 1995 жылы құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. Оның мақсаты - орнықты демократиялық институттарды дамытуға жәрдемдесу, сайлау үдерістерін жетілдіру және әлемнің әртүрлі өңірлерінде конституциялық құрылысты қолдау. IDEA халықаралық үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие және БҰҰ, ЕО, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдармен ынтымақтаса отырып, демократия және мемлекеттік басқару мәселелері бойынша сараптамалық әрі консультативтік алаң ретінде қызмет атқарады. Ұйым құрамына Еуропа, Азия, Африка, Латын Америкасы және басқа өңірлерден отыздан астам мемлекет кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 20:19 91
Мексикада ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы Қазақстанның бастамалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрганбеков Латын Америкасы және Кариб бассейнінде ядролық қаруға тыйым салу агенттігі (ОПАНАЛ) штаб-пәтеріне барып, ұйымның жаңадан сайланған Бас хатшысы Хуан Карлос Охедамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт (ОАЯҚТШ) төрағасы ретінде ОПАНАЛ-мен көпжақты ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.
Елші А.Тұрғанбеков ядролық қарудан азат әлем қалыптастыруға бағытталған бастамаларды ілгерілетуде ОПАНАЛ-дың маңызды рөлін атап өтіп, ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы қазақстандық бастамаларды тұрақты қолдағаны үшін ұйым Хатшылығына ризашылығын білдірді. Осы тұрғыда 2024 жылғы желтоқсанда ОПАНАЛ мен ОАЯҚТШ арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуының маңыздылығы аталып өтті.
Өз кезегінде Бас хатшы Х.Охеда Астананың Орталық Азияда да, жаһандық деңгейде де ядролық қарудан азат күн тәртібін дәйекті түрде ілгерілетуге қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалады. Ол қазақ тарапты ұйымның ағымдағы қызметі туралы хабардар етіп, ОПАНАЛ мен ОАЯҚААШ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстарын таныстырды.
Тараптар ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы өзара іс-қимылды таратпау және қарусыздану салаларында одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытатынын растады.
Сұхбат барысында А.Тұрғанбеков Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына да назар аударып, осыған байланысты ядролық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді азайту мақсатында халықаралық күш-жігерді одан әрі шоғырландырудың қажеттігін баса айтты.
Қазақ дипломаты сондай-ақ сұхбаттасушысын Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық және саяси реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырып, 2026 жылғы 15 наурызда елде Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өтетінін атап өтті. Аталған реформалар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев жүзеге асырып отырған дәйекті саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру үдерістерінің жалғасы екені айтылды.
Бұдан бөлек, А.Тұрғанбеков алдағы уақытта Қазақстанда өтетін ауқымды халықаралық іс-шара - 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит туралы хабарлады. Бұл саммит Орталық Азия елдерінің күш-жігерін БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен серіктестікте біріктіріп, ортақ экологиялық шешімдер әзірлеуге бағытталған.
Х.Охеда Қазақстандағы қазіргі оқиғалардан хабардар екенін атап өтіп, аталған іс-шараға қатысуға қызығушылық білдірді.
Кездесу соңында тараптар тұрақты диалогты жалғастырып, Қазақстан мен ОПАНАЛ арасындағы ядролық қаруды таратпау саласындағы әріптестікті одан әрі нығайту бағытындағы жұмысты жалғастыруға өзара ниет білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 19:16 306
Мажарстанның Мемлекеттік жиналысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Мемлекеттік жиналысының (Парламент) вице-спикері, Мажарстан-Қазақстан парламент аралық достық тобы төрағасының орынбасары Лайош Олахпен кездесіп, қазақ-мажар стратегиялық серіктестігі аясында екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар парламентаралық байланыстардың маңыздылығына тоқталып, оның қазіргі даму динамикасына жоғары баға берді. Бұдан басқа, сұхбаттастар қазіргі Орталық және Шығыс Еуропа мен Таяу Шығыстағы күрделі жағдайларға, әсіресе оның жаһандық экономика мен энергетикалық жеткізу тізбектеріне тигізетін теріс әсері туралы пікір алмасты.
А.Сапарбекұлы, мажар депутатын Қазақстанда осы жексенбіде өтетін Республикалық референдум туралы хабардар етіп, оның аясында ел тағдырын шешетін жаңа конституцияның маңызды тұстарын атап өтті. Болашақ Парламенттің атауы, құрылымы мен өкілеттігі бойынша пікірі, қоғамдық-саяси және мемлекеттік билік институттарын реформалау туралы мәлімет берілді.
Л.Олах өз кезегінде, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегіндегі пікірімен бөлісіп, 12 сәуірде Мажарстанда өтетін парламенттік сайлау төңірегінде пікір білдірді.
Төраға орынбасары еліміздің жаңа конституциясы төңірегінде хабардар екенін айтып, оны дайындау барысында өткізілген қоғамдық пікірталастарға, енгізілген ұсыныстарға жоғары баға беріп, алдағы референдум Қазақстанның жаңғыру жолындағы маңызды әрі тарихи кезеңі екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 18:13 461
Шэньси халық үкіметі Қазақстандағы конституциялық реформаларды жоғары бағалады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Шэньси провинциясы партия комитетінің Білім жөніндегі комитеті хатшысының орынбасары Цзи Инцюмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге өзара мүдделілік танытатынын растады және білім беру мен гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беру туралы уағдаласты.
Дипломат қытай тарапын Қазақстан Республикасы Үкіметі жоғары білім беру саласында жүргізіп жатқан қазіргі реформалармен, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарымен егжей-тегжейлі таныстырды.
Тараптар білім беру гранттарын бөлу кезінде заманауи технологиялық бағыттарға айрықша назар аудару қажеттігі жөнінде келісімге келді. Сонымен қатар Қазақстан аумағында Шэньси провинциясының жетекші жоғары оқу орындарының бірлескен филиалдарын ашу мүмкіндігі талқыланды.
Бас консул сұхбаттасушыны 15 ү.ж. наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша Ұлттық референдум өткізілетіні туралы да хабардар етті. Жаңа Конституция жобасында көзделген негізгі конституциялық өзгерістер жеткізіліп, ұсынылып отырған реформа Қазақстан Президенті Касым-Жомарт Токаев бастамашылық еткен дәйекті саяси жаңғыру үдерісінің қисынды жалғасы екені аталып өтті.
Қытай тарапына Конституция жобасының негізгі ережелері ұсынылды. Атап айтқанда, бір палаталы Парламент құру, жоғары консультативтік орган ретінде "Қазақстан Халық Кеңесін" қалыптастыру және Вице-Президент институтын енгізу мәселелері қамтылды. Сонымен қатар Қазақстанның тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығы қағидаттарын конституциялық тұрғыдан бекітуге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге ерекше назар аударылды.
Цзи Инцю алдағы референдум Қазақстанның саяси дамуындағы маңызды кезең болатынына сенім білдіріп, оның демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және елдің одан әрі прогрессивті дамуына ықпал ететіне сенім білдірді.
Ғылыми қауымдастық өкілдері жүргізіліп жатқан реформалардың жүйелілігіне жоғары баға беріп, олардың заң үстемдігін нығайтуға және институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Конституциялық өзгерістер елдің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыратыны аталып өтті.
Сонымен қатар, Шэньси провинциясының Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық оқушылар мен ғылыми мамандардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жоғары дәрежеде болуына үнемі назар аударылатындығын айтты. Қазақстан өңірлері мен Шэньси провинциясы арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды бірлесіп өткізуге және әр түрлі сала мамандарының қысқа мерзімді тәжірибе алмасу курстарын ұйымдастыруға қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тұрақты диалогты жалғастыруға өзара мүдделілік танытты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 15:10 556
Астанада Қазақстан-Бельгия саяси консультациялардың алтыншы раунды өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Бельгия сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың алтыншы раунды өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақ делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал Бельгия делегациясын Бельгия Сыртқы істер, сыртқы сауда және ынтымақтастық мақсатындағы даму жөніндегі федералдық мемлекет қызметінің Екіжақты қатынастар жөніндегі бас директоры Биргит Стевенс басқарды.
Консультациялар барысында тараптар Қазақстан-Бельгия ынтымақтастығының саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бүгінгі дамуы мен келешегін талқылады.
Тараптар Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім тұрғысынан қоса алғанда, ҚР мен ЕО арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты өзара құрмет пен сындарлы серіктестік негізінде одан әрі арттыруға дайындық білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 14:07 1956
Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9926 қазақстандық елге қайтарылды
Достарға айту
Ираннан Түрікменстан шекарасы арқылы жерүсті бағытымен үш Қазақстан Республикасының азаматы шығарылды. Эвакуация басталғалы бері Ираннан елге 69 Қазақстан азаматы қайтарылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар 68 ҚР азаматы Израильден эвакуацияланды.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып, отандастармен тұрақты байланыс орнатып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2026, 12:15 1391
Қазақстан Еуропалық жария құқық ұйымымен (EPLO) ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Еуропалық жария құқық ұйымының (EPLO) директоры Спиридон Флогаитиспен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның EPLO ұйымымен жария құқық, мемлекеттік басқару, академиялық және сараптамалық өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Қазақстандық университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен әріптестікті дамытуға, бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын іске асыруға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейтуге, сондай-ақ қазақстандық мамандар мен ғалымдардың ұйым өткізетін халықаралық іс-шаралар мен сараптамалық бастамаларға қатысуына ерекше назар аударылды.
Қазақстан Елшісі сұхбаттасына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде жүргізіліп жатқан саяси және институционалдық реформалар туралы, соның ішінде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі алдағы референдум туралы ақпарат берді. Конституциялық реформалар құқық үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді.
Өз кезегінде Спиридон Флогаитис Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, олардың құқықтық мемлекетті нығайту және мемлекеттік институттарды жаңғырту тұрғысынан маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол EPLO қызметіне қазақстандық білім беру және ғылыми мекемелерінің белсенді қатысуын, оның ішінде елдің бірқатар жетекші университеттерімен ынтымақтастықты және қазақстандық сарапшылардың ұйымның халықаралық бағдарламалары мен сараптамалық құрылымдарына қатысуын оң бағалады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын белгіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.03.2026, 13:47Сеул қаласында Қазақстанның туристік мүмкіндіктері талқыланды 11.03.2026, 12:43 52711Бельгиядағы Қазақстан жастары алдағы республикалық референдумды талқылады11.03.2026, 11:40 52711Қазақстанның конституциялық реформасы және Чехиямен ғылыми-білім беру байланыстары CEVRO университетінде талқыланды10.03.2026, 21:25 51896Түркия сарапшылары жаңа Конституция жобасына жоғары баға берді11.03.2026, 10:37 51861Швейцария Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитте озық инновацияларын ұсынатын болды
04.03.2026, 10:54 237786Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 230001Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229466Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229461Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229411Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

