14.04.2020, 17:44 6220

2 миллионға жуық адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлемдер тағайындалды.

13 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 3 млн 999 мың 592 азаматтан барлығы 5 млн 94 мың 96 өтініш келіп түсті.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan Today - 1,7 миллионнан астам адамға Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалды.

1 млн 779 мың адамға Төтенше жағдай (әрі қарай - ТЖ) кезінде табысынан айырылуы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) жалпы сомасы 75,6 млрд теңге әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметіндегі брифинг барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.

"Біздегі дерек бойынша 3 млн 703 мың адам әлеуметтік төлем алуға 4,9 млн өтінім берді. Бүгінгі таңда 1 млн 779 мың адамға 75,6 млрд теңге тағайындадық", - деді Біржан Нұрымбетов.

Министрлік басшысы, әлі де азаматтар "МӘСҚ тарапынан берілетін ең төменгі жалақы көлеміндегі төлемге кім өтініш бере алады?" деген сауалды қоюда екенін атап өтті.

"Осы орайда тағы да қайталар болсам, 42500 теңге мөлшеріндегі төлем ресми немесе бейресми жұмыс істеп, ТЖ кезінде кірісінен айырылған адамдарға арналған. Сондықтан өзіңіз сын тезіне салып көріңіз, ТЖ уақытына дейін тапқан табысыңызды жоғалттыңыз ба? Ресми, жалдамалы жұмысшы, жеке кәсіпкер ретінде немесе бейресми күнделікті шығыныңызды жабатын кіріс көзі болды ма? Егер сіз осы қаржыдан айырылсаңыз, онда дұрыс, аталған төлемге иек артып, өтініш жолдай аласыз", - деп түсіндірді министр.

Бұл ретте, Біржан Нұрымбетов, МӘСҚ төлеміне өтінім жіберушілер ұсынасын мағлұматы үшін жауапкершілікті мойнына алатынын ескертті.

"Өтінім бергенде астындағы жазумен келісесіз, яғни ТЖ мерзіміне дейін кірісіңіз болғанын, сәйкесінше онсыз қалғаныңызды айғақтайсыз. Егер де ТЖ кезіне дейін де табысыңыз болмаса, ресми немесе бейресми жұмыс істемесеңіз, бұл төлем сізге тағайындалмайды", - деді ол.

Министр, сондай-ақ, МӘСҚ төлемі тиесілі азаматтар санатын келтіріп өтті.

"Бұл, біріншіден, компаниялар мен ұйымдарда еңбек етіп, ресми жалақы алған, алайда жұмыс беруші ТЖ-ға байланысты жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына босатқан жалдамалы жұмысшылар. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, карантин жарияланған қалалардағы ірі бизнес, шағын және орта кәсіпкерлік нысандары мен коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері де төлем алуға құқылы", - деп байыптады Біржан Нұрымбетов.

Жалдамалы жұмысшылар үшін әлеуметтік төлемге өтінімді жұмыс беруші жазуы керек. Жұмыс беруші олай істемеген болса, жұмысшы жұмыс берушісінің бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) көрсеткен райда өздігімен өтінім бере алады. Жалдамалы жұмысшы Бірыңғай жиынтық төлемді де (БЖТ), басқа да әлеуметтік жарналарды төлемейді. Себебі ресми жұмыс істеген, тиісті іс-қимылды жұмыс беруші атқарған.

"Екіншіден, ресми жұмыс істеген жеке тұлғаларға тоқталсақ. Бұл жеке кәсіпкерлер (ЖК), дара тәжірибемен (ДТ - адвокат, нотариус, медиатор және т.б.) айналысқан азаматтар, азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар арқылы жұмыс істеген фрилансерлер және де ЖК ашпастан тұрақты түрде БЖТ төлеп келген ұсақ кәсіп иелері", - деп тарқатты Еңбек министрі.

Қолданыстағы заңнама бойынша жоғарыда тізбектелген барлық санаттар бойынша ай сайын қажетті аударымдар жасалуы керек еді. Мәселен ол жалдамалы жұмысшылар мен ЖК, ДТ үшін - МӘСҚ тарапына, АҚС тұрғысында - БЖЗҚ жарналары, өзі үшін - БЖТ төлемі. Дегенмен, ТЖ тәртібі енгізілгенін ескере келе, бұл санаттардағы азаматтарға ТЖ жарияланғанша соңғы 12 айда кем дегенде 1 рет болсын аударым жасау қажет болып ұйғарылды.

"Азаматтардың ештеңе төлемеген ерекше санаты бар. Бұл ешқандай еңбек шартына отырмаған, бейресми жұмыс істеген, осылайша жалпы алғанда заңды бұзған жандар. Біздің ұстанымымыз: сіздер де төлемнен қағылмайсыздар, бірақ ТЖ кезіне дейін кірісіңіз болды деп есептейсіз бе? Ресми аударым жасалмаған такси жүргізуші, бала күтуші, сатушы немесе даяшы әлеуметтік төлемге өтінім бере ала ма? Иә, бұл мүмкін нәрсе. Ең бастысы, күнделікті табыс тауып жүріп, ТЖ салдарынан одан айырылғаныңызды растай алсаңыз. Онда өтінім беріңіз. Бірақ, біз сіздің қайда істегеніңізді білмегендіктен, бір рет болсын БЖТ төлегеніңіз абзал. Келесі күні өтінім беруіңізге жол ашық. Бұл тек бейресми өз ісімен шұғылданушыларға ғана қатысты мәселе", - деп түйіндеді Біржан Нұрымбетов.

Б. Нұрымбетов зейнеткерлерге, мүгедектерге және студенттерге "42 500 теңге" әлеуметтік төлем тиесілі ме екенін түсіндіріп өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезеңінде (бұдан әрі - ТЖ) табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, оның ішінде мүгедектер мен студенттерге төлемдер тағайындауға қатысты түсініктеме берді.

"Әлеуметтік жәрдемақылардың тағайындалуына қатысты жиі қойылатын сұрақтардың бірі біздің зейнеткерлер мен мемлекеттік жәрдемақы алушыларға қатысты. Зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылар төтенше жағдайға байланысты тоқтамағанын атап өткім келеді. Оларға тиісті төлемдер жалғастырылуда, біз оларды индекстедік, сіздер мамыр айында зейнетақылар мен жәрдемақыларды сәуірдегі қосылған төлеммен бірге аласыздар. Мұндай алушылардың саны 4 млн. адамды құрайды, оларға ай сайын жалпы сомасы 300 млрд.-қа жуық теңге төленіп тұрады. Сондықтан 42 500 теңге алушылардың санатына кірмейсіздер. Алайда, егер зейнеткер, мүгедек немесе кез келген басқа мемлекеттік жәрдемақы алушы төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін ресми жұмыс істеген болса, ол үшін жұмыс беруші аударымдар жасаған болса немесе бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі - БЖТ) төлеген болса, онда біз оны есепке алып, сізге 42 500 теңге төлейтін боламыз", - деді Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ, Министр кейбір заңгерлердің әлеуметтік желілерде жариялаған төтенше жағдай кезінде кірістен айрылуы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар зейнеткерлерге тағайындалмайтынын, өйткені олар төлеген БЖТ-дан түскен кірістер МӘСҚ-қа түспейтіндігіне қатысты жазбаларына түсініктеме берді.

"БЖТ мөлшері 2651 теңгені құрайды. Бұл ақша 4 бағыт бойынша: жеке табыс салығы (бұдан әрі - ЖТС), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жүргізілетін әлеуметтік аударымдар, БЖЗҚ-ға төленетін зейнетақы жарналары және медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі - МСҚ) төленетін аударым ретінде жүреді. Заңға сәйкес, зейнеткер төтенше жағдай алдында 2651 теңге төлеген жағдайда МӘСҚ-қа, БЖЗҚ-ға және МСҚ-ға медициналық сақтандыруға төлемдер жүрмейді, барлық сома ЖТС-ға кетеді дейді заңгерлер. Қазір ерекше тәртіп бар. Бұл жағдайда біз зейнеткердің БЖТ төлемін МӘСҚ-қа түсім ретінде емес, оның зейнетақы алатынына қарамастан, төтенше жағдай алдында жұмыс істегенін растау ретінде қарастырамыз. Дәл осындай процедура әлеуметтік жәрдемақы алушыларға да қатысты. Бірақ төтенше жағдайға дейін жұмыс істеп, қосымша табыс тапқандарға қатысты екенін атап өткім келеді. Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін сіздерге төлем жасаудың қажеті жоқ, сіздерге 42 500 теңге тағайындалмайды", - деп түсіндірді Еңбекминінің басшысы.

Біржан Нұрымбетов сондай-ақ МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді тағайындауға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) алушылар да үміткер бола алатынын, бірақ олар шын мәнінде жұмыс істеген және ТЖ режимін енгізуге байланысты табыстарын жоғалтқан болуы керек.

"АӘК алушыларды бөлек атап өткім келеді. Сіздер үшін шектеулер жоқ. Атаулы әлеуметтік көмек - бұл зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы емес, бұл көмек. Осыған орай, егер сіз ресми немесе бейресми жұмыс істесеңіз - сіз 42 500 теңгеге үміткер бола аласыз. Бейресми жұмыс жасаған адамдарға алдын ала БЖТ төлеу қажет", - деді министр.

Сонымен қатар, Біржан Нұрымбетов студенттердің МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алу мүмкіндігі туралы түсінктеме берді.

"Біз студенттерді жеке санат ретінде анықтаған жоқпыз. Бұл еліміздің ересек азаматтары. Еңбек кодексіне сәйкес 16 жастан бастап жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Шәкіртақы алатынына/алмайтынына қарамастан жұмыс істейді. Олардың барлығы үшін тәртіп бірдей. Егер сіз ақша тапсаңыз, содан кейін табыс табу мүмкіндігіңізді жоғалтсаңыз, онда сіздің моральдық құқығыңыз бар. Егер сізге әлеуметтік жарналар төленген болса немесе бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде бір рет БЖТ төлеген болсаңыз, онда сіздің әлеуметтік төлемдерді алуға заңды құқығыңыз бар", - деп түсіндірді ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, Біржан Нұрымбетов брифингте сөйлеген сөзінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алуға жүгінген барлық азаматтар берген мәліметтерінің дұрыстығы үшін жауап беретінін атап өтті.

"Өтініш берген кезде төменгі жағында жазба болады, оның қасында сізге белгі қою керек болады, осы арқылы сіз төтенше жағдайға дейін кірісіңіздің болғанын, оларды жоғалтқаныңызды және осыған жауапты екеніңізді растайсыз. Егер сіз төтенше жағдайға дейін ешқандай ақша таппаған, ресми немесе бейресми түрде жұмыс жасамаған болсаңыз, онда бұл төлем сізге берілмейді", - деді Еңбекминінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір адамға МӘСҚ-тан айына 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлем келесі санаттарға:

-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

- карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

- мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

- жеке кәсіпкерлерге;

- жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар);

- бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға жүзеге асырылады.

Төтенше жағдай кезінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тағайындаудан бас тарту себептеріне қатысты

Төтенше жағдай (әрі қарай - ТЖ) кезінде табысынан айырылуы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартуға түрткі болатын негізгі себептердің қатарында өтінімдердің қайталануы, МӘСҚ тарапына міндетті әлеуметтік аударымдардың (МӘУ), міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және де бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) жасалмауы тұр.

Соңғы деректерге сүйенсек, МӘСҚ тарапынан төлемге азаматтар жолдаған өтінімдерді қарастыру барысында келесі жайттар анықталып отыр:

- өтінімдердің қайталануы - 1 042 842;

- тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері); зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылар (ТЖ енгізілгенше ресми жұмыс істемегендер) - 521 365;

- өтінім беруші бойынша ТЖ енгізілгенше соңғы 12 айда МӘУ/БЖТ/МЗЖ немесе өтінім берген уақытқа дейін БТЖ табылмады (бейресми өзін жұмыспен қамтушылар тұрғысында) - 1 053 383;

- жұмыс берушінің БСН/ЖСН дерегі, өтінім берушінің ЖСН дерегі көрсетілмеген немесе бұрыс көрсетілген - 63 222;

- өтінім Қазақстан аумағынан тыс жерде тұратын немесе марқұм болып кеткен адамның атынан берілген - 378.

Осылайша, барлығы, ТЖ кезінде табыстан айырылу бойынша МӘСҚ тарапынан әлеуметтік төлем тағайындау Ережесіне қатысты қателер мен сәйкессіздіктер жіберілген 2 681 198 өтінім анықталды.

Еске салар болсақ, МӘСҚ тарапынан әлеуметтік төлемге өтінім беруші азаматтар, ұсынылатын деректердің шынайылығына жауап береді.

Б. Нұрымбетов бала күтімімен отырғандар 42 500 теңгеге өтінім бере ала ма деген сауалға жауап берді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметіндегі брифинг барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Төтенше жағдай (әрі қарай - ТЖ) кезінде табысынан айырылуы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) бала күтімі бойынша декреттік демалыста отырған әйелдерге төлем тағайындау жайын түсіндірді.

"Бізде бұл әйелдерге арнайы санат қарастырылмаған. Себебі олар да басқа азаматтар сияқты жұмыс істеген немесе үйде отырған, ресми немесе бейресми кәсіпкерлікпен айналысқан. Егер бала бір жасқа жетпеген болса, әйел адамның жұмыс істеген-істемегеніне қарамастан мемлекет оған бала күтіміне қажетті жәрдемақы тағайындайды. Бала 1 жасқа толса, 42 500 теңге төлем туралы әңгіме қозғауға болады. Мысалы бала бір жасқа толғанымен, қазір жұмыстың жоқтығынан өз компаниясына жұмысқа шыға алмаса, ал жұмыс беруші ол үшін бала бір жастан асып кеткендіктен әлеуметтік аударымдар жасамаса не істемек керек? Декреттік демалыс барысында мысалға үйде отырып киім тіксе, тамақ пісіріп сатса және тағы басқа бейресми бірдеңемен айналысса, осылайша ТЖ кезінде табысынан айырылса, бұл тұста ол ана бір күн бұрын Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу арқылы өзін жұмыспен қамтушы ретінде тіркеп, әлеуметтік төлемге өтінім жіберуге құқылы", - деді Біржан Нұрымбетов.

Алайда, ескерер жайт, мемлекеттен қызметтен декреттік демалысқа шыққан әйел адам, 42 500 теңге төлемге өтінім бере алмайды.

"Декретте отырған мемлекеттік қызметкерлер жөнінде мәселе туындауда. Жалпы ТЖ-ға қатысты мемлекеттік қызмет пен ондағы ұйымдардың жұмысы шектелген жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша олардың 80%-ға жуығы қашықтан жұмыс істеп, жалақы алуда. Ал декреттегілер ТЖ болмаса да үйде қалушы еді ғой. Бірақ, Еңбек кодексіне сай, сіз жұмысқа шығам десеңіз, мемлекеттік мекеме сізді қабылдап, қашықтан еңбек еткеніңіз үшін жалақы төлеуі тиіс. Біз тиісінше барлық мемлекеттік орындардан декретте отырған өз жұмысшыларына қамқорлық көрсетіп, табыссыз қалдырмауды сұрадық. Жұмысқа қайта шақырмаса да қаржылай жәрдем таныста деген тілек бар", - деп байыптады министр.

Бұған дейін жазғанымыздай, Біржан Нұрымбетов брифинг барысында, МӘСҚ тарапынан берілетін төлемге өтінім жолдайтын барлық азамат өзі ұсынған деректің шынайылығына жауап беретініне назар аударды.

"Өтінім бергенде астындағы жазумен келісесіз, яғни ТЖ мерзіміне дейін кірісіңіз болғанын, сәйкесінше онсыз қалғаныңызды айғақтайсыз. Егер де ТЖ кезіне дейін де табысыңыз болмаса, ресми немесе бейресми жұмыс істемесеңіз, бұл төлем сізге тағайындалмайды", - деді ол.

Еске сала кетсек, қолданыстағы ережеге сәйкес, ТЖ кезінде табысынан айырылуы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан адам басына айына 42 500 теңге келесі санаттар бойынша тағайындалады:

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

- карантин енгізілген елдімекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

- мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

- жеке кәсіпкерлерге;

- дара тәжірибемен айналысатын адамдарға: нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор;

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға.

2 миллионға жуық адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлемдер тағайындалды.

1 993 317 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындалды.

13 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 3 млн 999 мың 592 азаматтан барлығы 5 млн 94 мың 96 өтініш келіп түсті.

Осылайша, 1 млн 94 мың 504 қайталанатын өтінім тіркелді. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз.

Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді.

Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес ТЖ кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір адамға МӘСҚ-тан айына 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлем келесі санаттарға:

-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

- карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

- мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

- жеке кәсіпкерлерге;

- жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны