04.01.2007, 14:16 3068

3 қаңтарда Лондон металл биржасында бір тонна қорғасынның орташа бағасы 660 АҚШ долларына дейін төмендеді

АЛМАТЫ. 4-қаңтар. Kazakhstan Today. 2006 жылдың желтоқсанының аяғында әлемдік нарықтағы тоннасына шаққандағы бағасы 1775 АҚШ долларына дейін күрт өскен қорғасынның бағасы қайта төмендей бастады. Лондон металл биржасындағы қорғасынның орта бағасы қарашада 1624 АҚШ долларын құраса, желтоқсан айында 1725 АҚШ долларын құраған болатын. Ал, 3 қаңтарда қорғасынның бір тоннасының орташа құны 660 АҚШ долларына дейін төмендеді. Лондон металл биржасында қорғасынның қоймадағы қоры өткен ай бойынша 41 мың тонна деңгейінде қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны