01.07.2014, 20:54 3494

3 жыл ішінде ірі қара үлесі 12-ден 22%-ға артты - АШМ

"Жобаның басты бағыттарының бірі мал шаруашылығы саласындағы фермерлік шаруашылықтарды дамыту, тауарлы табын өнімділігін арттыруға жағдай жасау. Ол үшін арнайы "Сыбаға" атты жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы дайындалып, қазір іске асырылуда. Соның көмегімен шаруалар қарапайым кестемен несие алып, кепілдік ретінде сатып алған малын қояды", - дейді министр.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. 3 жыл ішінде фермерлік шаруашылықтардағы ірі қара үлесі 12-ден 22%-ға артты, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

"Жобаның басты бағыттарының бірі мал шаруашылығы саласындағы фермерлік шаруашылықтарды дамыту, тауарлы табын өнімділігін арттыруға жағдай жасау. Ол үшін арнайы "Сыбаға" атты жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы дайындалып, қазір іске асырылуда. Соның көмегімен шаруалар қарапайым кестемен несие алып, кепілдік ретінде сатып алған малын қояды", - дейді министр.

Ведомствоның мәліметінше, Жобаны іске асыра бастаған уақыттан бері фермерлік шаруашылықтар тарапынан 174 мың бас сүтті ірі қара малы алынған. Ал асыл тұқымдандыру процесіне 477 бас сүтті мал басы тартылған.

"Соңғы үш жылда шаруашылықтардағы ірі қара мал саны 12-ден 22 пайызға дейін артты. Мемлекет тарапынан елдің эпизоотикалық жағдайын қамтамасыз ету мен дәстүрлі мал бағу шаруашылығын дамыту шаралары қабылдануда. Бұл өз кезегінде қауіпсіз және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік береді", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны